ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СӨЗДІКТЕРДЕ БЕРІЛУІ

Шындық болмыстағы заттар мен кұбылыстар жеке сөздермен ғана емес, фразеологизмдермен де түсіндіріледі. Фразеологизмдер сөздікке берілгенде ұйытқы сөздің ұясына топтастырылады. Әрбір ұядағы тұрақты тіркестер іштей алфавит тәртібімен орналастырылады. Олардың әрқайсысына тілдегі колданылуындағы нақтылы дәлел ретінде бірлі-жарым мысал беріледі. Қазақ тілінің сөздіктерінде фразеологизмдерді беруде бір ізділік жоқ, ала-құла. Қазақ тілінің екі тілді аударма сөздіктерінде фразеологизмдер бірінші сөздің ұясына ғана беріліп, негізгі ұйытқы сөзге барғанда көп жағдайда қалып кетіп жүргендігі мәлім. Мәселен, бота көз, мол қол, шот мацдай, ай қабақ, қызыл тіл тәрізді фразеологизмдер бірінші сөзгс ғана алынып, негізгі ұйыткы сөз (көз, қол, маңдай, қабақ, тіл) екінші компонент болып тұрғандықтан, белгілі ұяға ілінбей, тектен-текке сырылып қалып жүр. Орфографиялық сөздікте сөздің тек қалай жазылуын ғана нысана етіп, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің құрылым-құрылысына, яғни ұя мен ұйытқы сөзге койылатын жүй-елі принциптің жоқ екендігі анықталып отыр. Қөп томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” фразеологизмдер біраз жөнге келтірілді. Мұнда тұрақты тіркестің құрамында қанша сөз болса, сонша рет қайталанып алынды. Сөз тіркестерін қай-талап алудағы негізгі мақсат — әрбір сөздің фразеологизм-дерді жасаудағы өнімді-өнімсіз қызметін айқындап, әрқай-сысын өз ұясында жинап-теріп бір жерде көрсету болды. Бірінші ^өздің ырқымен кете берсек, ұйытқы сөздің мәнді қызметі жан-жақты ашылмай, сыңар жақ болып қалатындығы ескерілді. Мәселен, жұмған аузын ашпады дегендегі ұйытқы сөз — ауыз бол-ганымен, ол сөз бірінші емес, екінші тұрғандықтан, өз ұясынан (ауыз) қалып кетуі мүмкін екендігін аңғардық. Алайда аталған түсіндірме сөздікте тіліміздегі фразеологизмдердің бәрі бірдей белгілі бір ұяға жиналып-терілген деуге мүлдем болмайды. Бірі бар да, бірі жоқ болып отыратын жайттар жиі кездеседі. Мәселен, көз ақы, қол ақы, табан ақы, ауыз ақы, сүт ақы, жамбас ақы дегендердің ақы деген сөзге алғашқы үшеуі алынған да, соңғы үшеуі атаусыз қалып кеткен. Аш деген сөзге ауыз ашар-ды алған да, тіл ашарды, жол ашарды тастап кеткен. Ауыр деген сөзге аузы ауыр, сүйегі ауырды алған да, қолы ауыр, еті ауыр дегендерді қалдырып кеткен. Қолы ауыр деген фраза қолдеген сөзге де, “Фразеологиялық сөздікке” де мүлдем ілінбей қалғандығы осы айтылғандарға айғақ бола алады.

Фразеолргизмдерді сөздіктерде сұрыптап беруде толып жатқан кемшіліктерге жол беріліп жүргені аиықталып отыр. Мұнын өзі бұл ғылымның жан-жақты зерттелініп, жүйеленіп бір ізге түспегендігін танытса керек.

Читайте также: