Тісті киттер

Тісті киттер. Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар жатады. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері болады. Тістері қарапайым, формасы мен құрылысы бірдей болып келеді.

Дельфиндердің көпшілігінің ұзындығы 1,5—Зметрге жетеді. Бұлардың Қара теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. Мысалы, нағыз дельфин (Dеlрһіпиs dеlрһіпиs), теңіз шошқасы (Рһосае-па рһосаепа). Дельфиндер Балтық, Баренцев теңіздерінде және Қиыр Шығыстың теңіздеріне тараған. Мұзды мұхиттың теңіздерінде және Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде ақ дельфин (Dеірһіпарtегиs Іеисаs) деген түрі тіршілік етеді. Олардын, үзындығы 6 л*-ге жуық болады. Дельфиндердің барлығы балықтармен қоректенеді. Балықтардың ауған жағына қарай олар да ауысып отырады.
Кашалот (Рһуsеtег саtоdоп) тісті киттердің ең үлкен түрі, олардың ұзындығы 11—21 м болады. Солтүстік Мұзды мұхит-тан басқа мұхиттардың, жылы теңіздердің барлығында, бізде жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде кездеседі. Негізінен бас аяқты моллюскалармен (сегіз аяқтылармен, кальмарлармен), кейде су түбінде тіршілік ететін балықтармен де қоректенеді. Олар 300 м тереңдікке сүңги алады. Су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *