Сүтқоректілердің экологиясы, тіршілігі және таралуы

Сүт қоректілердің экологиясы, тіршілігі және таралуы. Сүт қоректілер өте кен, тараған жануарлар, тек қана Антрак тикалық материкте ғана кездбспейді.

Мұзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүт қоректілерді бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мұзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен (Қарск теңізі) Сибирь түлкісі мен солтүстік бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүт қоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ете тін көптеген түрлері бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауы-ның теңіз деңгейінен 3000—4000 м биіктігінде көптеген найза құйрық сұр тышқандардың (Stепосгапіиs), суырлардың (Маг-тоіа), жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың (Uпсіа ипсіа) тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биік-тігіне дейін жабайы қойлар таралған.
Сүт қоректілер класының өкілдері — алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нагыз су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың өкілдері-не қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген организмдер екендігі.
Сүт қоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді — мысалы, үй тышқандары, егеуқұйрықтар, сұртышқандар, кейде қасқыр, түлкі т. б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында маймылдардың көптеген түрлері, әсіресе адам тәрізді маймылдар, сол сияқты бегемоттар, мүйіз тұмсықтар, тапирлар т. б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүт қоректілердің көптеген түрлері әр түрлі температура жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жан-уарларға Европалық бөлікте тіршілік ететін ақ қоян, Якутия жағдайындағы түлкілер, Мұзды мұхиттың жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүт қоректілердің таралуына жанама фак-тор болса да әсері бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана азап шегеді. Ондай сүт қоректілер бегемоттар мен буйволдар — ылғалдығы мол тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүт қоректілердің тіршілігіне өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Формозовтың (1946) мәліметі бойынша, 90 сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың қалың-дығы 50 см, жабайы шошқалар 30—40 см болғанда тіршілігі қиындайды.
Сүт қоректілердің негізгі сезім органдары — есіту және иіс органдары болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтығы немесе қараңғылығы) олардың мінез-құлқының өзгеруіне, құстарра әсер еткендей әсері болмайды. Сүт коректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы “мәңгі” жарыққа тез үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мәңгі қараңғылыры күндізгі жануарлардың тіршілігіне нүқсан келтірмейді.
Көпшілік сүт қоректілер топырақ түрін және оның қатты немөсе жүмсақтығын талғарыш келеді. Қосаяқтардың кейбір түрі, мысалы (Рагасііриз сіепосіасіуіиз) тек қана сусымалы құмда тіршілік етеді, сондай жерді шанышқы құйрық, саршұнак, тышқандар да (Зрегторһііорзіз Іеріосіасіуіиз) мекендейді, ал үлкен қосаяқтар (А1асіа§а ]аси!из) топырағы қатты жерлерді ғана мекен етеді. Жер астында тіршілік ететін соқырлар мен көртышқандар қатты топырақты жерден де, топырағы жұмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені топырағы қатты жерден ін қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі әр түрлі горизонты кен, жайылымдарды мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті талап қойғыш келеді. Олар жартасты ландшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға тамағын таба алатын жүмсақ, сазды жер керек. Керісінше, жылқылар, ақбөкендер, түйелер сазды жерлерде болмайды.
Жалпы сүт қоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы қүрлықтық түрлеріне қарағанда жоғары сатыдағы-ларында өте күрделі екенін атап өтуге болады. Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі көбінесе жоғары дамыған орталық нерв системасының қызметіне байланысты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *