Сутартарлықтар құсы

Сутартарлықтар құсы. Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар.

Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары кысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3—12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Кейбір түрлері қорегін кешке, түнге қарай іздейді Бұлар өте көп тараған құстар, біздін, фаунамызда он шақты түрі кездеседі. Қалың шөптің арасында жасырынып жүретін салмағы 200 г болатын тартар (Сгех сгех) деген түрі болады. Шөпті батпақта жүретін, батпақты жердің тауықтары деп аталатын түрлері кездеседі: су тауығы (Рогzапа рогzапа, сутартар, немесе цамыс тауыгы (Gаllіпиlа сһlогриs) т. б. Көлдердің жағасында, қалың шөптің арасында, салмағы 1 кг-дай қасқалдақ (Ғиlіса аtга) деген түрі кездеседі. Қасқалдақтар жақсы жүзеді, қауіп төне қалса сүңгіп кетеді. Осы қасқалдақтардың ғана кәсіптік маңызы бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *