Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші – 1932 – 52 жылдары кеңес өкіметі тарапынан жасалған саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болғандарға арналып Тараз қаласында қойылған ескерткіш. Жамбыл облысында 5 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 845 адамы қаза тапқан. Осыған орай 2000 жылы 31 мамырда саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналып ескерткіш қойылды. Ескерткіштің мүсіншілері – Д.Әлдеков, Н.Рүстемов, архитекторлары – Н.Баскеев, Д.Медеттегі. Ескерткіш биіктігі 1 м болатын дөңестің үстіне қойылған. Ескерткіш абақтыны бейнелейтін қабырғадан, қайғырған ана мүсінінен (биіктігі 2,4 м) тұрады. Қабырғада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған» деген жазу бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *