Роза Құспанова

Роза Құспанова (20.5. 1936, бұрынғы Фурманов ауданы, Қарасу ауылы) — қобызшы, еңбек ардагері (1985), ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері (1991). Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптар бөлімін тәмамдаған (1960). «Қазақ концертте (1960-66), консерваторияның жанындағы фольклорлық кабинетте (1966-1975) жұмыс істеген. Алматыда С.Прокофьев атындағы 3-музыка мектебінде алғаш қобыз класын ашқан (1975), Лұқпановтар ансамблінің мүшесі (1966-80). «Ықыластың қобызы» (А.,1999), «қобызға арналған хрестоматия» (А., 1998), «Сағыныш» (жеке дауысқа арналған әндер) (А., 1999) атты кітаптардың авторы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *