Поль Брэгг. Валеология ғылымын жақтаушылар

Поль Брэгг. Валеология ғылымын жақтаушылар
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны сатып алуға болмайды. Тамақ сатып алуға мүмкін, бірак тәбет сатьш алуға болмайды; дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды; үй сатып алуға болады, үй жиһаздарын сатып алуға болмайды; кітаптар сатып алуға болады, бірақ ақыл-ойды сатып алуға болмайды; зергерлік заттарды сатып алуға болады, бірак сүлулықты сатып ала алмайсыз. Ән-күйді сатып алып, ойнатқанмен, бақытты сатып алуға болмайды. Дінді сатып алғанмен, қорғанысты сатып алмайсыз.

Поль Брэгг
Поль Брэгг өте әлсіз болып туған соң, көп өмір сүрмейді, ол өліп қалады ғой деген ой, оның ата-аналарының ойынан кетпейді. Жүрек дерті оны әбден меңдегендіктен, ол езінің құрбы-құрдастарымен ойнай алмайтын болған. 12-ге келген шағында ол окме туберкулезіне шалдыққан. Туберкулезбен жас өспірім кезінде ауырған. Брэгг өзінің жеке бас сауықтыру жүйесін құруға мәжбур болған. Оның сауықтыру жүйесі мына төмендегідей болған. Ең бастысы ашығу, тыныс алу, физикалық жаттығу. Осы жүйе арқылы ол денесін қайта құруға арнаған. Сөйтіп, денсаулығын түзеп, күш-қуатын арттыруға бет бұрған. Оны әке-шешесі Швейцариядағы санаторийге апарып тастаған. Санаторий дәрігерлері оны таза ауада физикалық жаттығулармен емдеуге кіріскен. Оған ерекше түрде даярланған тамақ берген. 16-жасқа келгендс, ол барлық дерттен айығып, денсаулығы жақ-сара түскен. Ол өзінің барлық өмірін медицинаға арнаймын деп серт еткен. Ең алдымен дистологияға арнаған. Ол сөзінде тұрды.
Америкада қандай лекция оқылса да, қандай кітап шықса да, қандай да мақала жазылса да Брэгг өзін тірі мысал ретінде келтіріп, жақсы иллюстративті материал ретінде пайдалана білді. Оның салауатты өмір сүру дағдысы мен тәжірибесі көпшілікке үлгі бола бастады. 90~ж:асқа келген шағында, оның күш-жігері айрықша дамыды. Ол өте қимылды, қажым ды, сондайлық төзімді болды. Оның жұмыс уақыты 12 сағаттан асып кетіп отырды. Шаршау дегенді, қажу дегенді ол білгенде емсс, әлсіз адамдарға үнемі көмектесіп отырды. Өте көңілді болды.
95-жасында Поль Брэгг оқыста қайтыс болды. Ол желтоқсан айы 1974 жыл болатын. Мұхит жағасында, судың бетіндс тақтай арқылы жүзіп жүргенде, өте үлкен толқынға кезігіп, ол толқын астында ұзақ уақыт болғандықтан қайтыс болды. Дәрігерлер оны сақтай алмады, өйткені ол толқын астында ұзақ уақыт жатып қалған еді. Оның қайтыс болғанын қайғырып 12 немересімен 14 шөбересі жылады. Қайтыс болғаннан кейін П.Брэггтің денесіне патоанатомиялық зерттеулер жүргізгенде, оның жүрегі, өкпесі және басқадай ішкі құрылысы 20 жастағы жас өспірімнің органы сияқты көрініс көрсеткен. Ол әр қашанда айтып отырушы еді. Менің денемде ешқандай жас жоқ. Брээгтің сауықтыру жүйесінің негізі жүйелі түрде тамақтану мен ашығу еді. 95 жас көп емес. Ол — жасөспірім жасы ғой. Брэгг ұзақ жылдар бойы американың ұлы селскционер — бағбаншысы Люктер Бур — банкпен қызмет істеп, Калифорнияға экология лық таза жерде өсірілген жеміс-жидектерді жеткізіп турды. Ол алғаш рет денсаулыққа қажетті жеміс-жидек дукенін Лос-Анджелес қаласынан, ашты. (Калифорния штаты). Осы ксзде Америка құрама штатында П.Брэптің 2500 дүкені бар. Тәжірибе жүзінде Американың барлық штаттарында ол дүкендер жұмыс істейді.
Брэгг диета жәнс жаттығу жөнінде Дуглас Фэрбенсаның Сэр-мырза, Томас Миксидің, Рудольф Валенитиннің, Этель Барримордың, Рута Ролланганың және көптеген исскуства адамдарының белгілі қоғам қайраткерлерінің арнаулы консуль-танты болған. Ол корольдер мен королевалардың кеңесшісі болған. Сондай-ақ саясаткерлердің, спортшылардың, газет-журнал басшыларының белгілі кеңесшісі болған. Ол өзінің «Чудо голодания» «Ашығудың таңғажайыбы» деген кітабында өз тәжі-рибесін жан-жақты жазып кетті. Шын мәнісінде П.Брэггтің кітабы денсаулық псн ұзақ ғұмыр сүрудің нағыз кепілдемесі еді.
«Мен сенсмін — деп П.Брэгг жазды, — әрбір адам, 120 жыл тіпті одан да көп жыл өмір сүругс құқы бар деді. Денсаулық сатып алынбайды, оны өзің тұрғылықты түрде қызмет жасап, өзің жасауың керек».

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *