Маханды — ортағасырлық қалашық

Маханды — ортағасырлық қалашық. Жамбыл обл.Мерке ауд. Қостаған а-нан шығысқа қарай, өзі аттас өзеннің сол жағалауында орналасқан. 1977 ж. Жамбыл обл. тарихи-өлкетану мұражайының экспед., 1985 ж. ҚазМУ-дың археол. отряды (жетек. М.Елеуов) зерттеген. Ауд. 200 200 м, ені 10 м, биікт. 1,5 — 2 м 24 мұнара қалдықтары бар дуалмен қоршалған. Қалашықтың ортасында тік бұрышты ауд. 50 37 м, биікт. 1 м қамал бар. Табылған заттарға (құман, құмыра, көзе, т.б. қыш ыдыстар) қарағанда М. қалашығын халық 10 — 12 ғ-ларда мекен еткен.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *