Матаны пішуге дайындау жұмыстары

Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар, бұйымды тұтыну барысында өзінің бастапқы түрі мен өлшемін жоғалтып алмау үшін матаны декатирлеу керегін ескеру қажет.

Декатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Мақта матаны жылы суға салып жібітеді, сығады, кептіріп үтіктейді, ал жасанды шыт матаны кішкене тұздалған суға салып, сәл ғана крахмалдайды, абайлап, бұрамастан сығады, сосын 2 – 2,5 сағатқа төсек жаймасына орайды да, матаны ішкі жағынан үтіктейді. Жүнді матаны бойлық жіп бағытымен ылғалды үтіктеуішпен декатирлейді.
Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суреті бір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа қарай бағытталуы қадағаланады. Түкті маталарда түктің бағытын тексереді. Велвет пен бархатты пішуде пішім бөлшектерін ретпен түктің бағытына төменне жоғарыға қарай жаяды. Жолақ немесе тор маталар пішім бөлшектерінің бірігетін жерлерінде (тігістерде) жолақ немесе тордың түсі мен ені сәйкес келуі және алдыңғы бой мен артқы бойдың ортасынан дәл өтуі керек.
Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.
Матаны пішу үстеліне жайып, жиектерін кеседі. Матаны бойлық жіп бойынша суретін ортасына келтіре отырып, орта сызықпен бет жағын ішке қаратып бүктейді. Бойлық қиындыларды теңестіріп, түйрейді және көлденең қиындыларын теңестіреді. Ені 140 – 160см маталарды көлденең жіп бойымен бет жағын ішіне қаратып бүктейді.
Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жаю. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жайып шеттерін бормен сызады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші бормен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібіреді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *