Кәсіптік құстар
Кәсіптік құстар. Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалықты үлкен.
Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын, немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді. Бұл азық-түліктердің ішінде көбірек маңызы бары құс еті болып саналады. Бізде жыл сайын жа-байы құстардың 150 түріне жататын ондаған миллионы ұсталады. Кәсіптік құстардың негізгісі тауық тәрізділер (20-дан артық түрі) мен қаз тәрізділер (50-дей түрі).
Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлык жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.
Жабайы құстарды аулауда, қарағайлы және аралас ағашты жерде болатын шілдің маңызы үлкен. Оларды тұзақ құрып үстайды, немесе мылтықпен атып алады. Екінші орын алатын, ағашты және ағашты далалы жерде кездесетін шұбар құрлар. Шұбар құрлардың күзде бірнешеуі бір жерге топтанып жүреді. Бұларды тұзақпен және мылтықпен атып, тор және ау құрып ұстайды. Құс аулау кәсібінде үшінші орында тұрған тетерев-косач. “Меңіреу құр” ірі құс болғанымен құс аулау кәсібінде үлкен орын алмайды. Себебі, “меңіреу құрлар” тоғайдың адам бара алмайтын қалың ағашты жерлерінде мекендейді, сондықтан оларды аулау қиынырақ. Құс аулауда ақ кекіліктің маңызы үлкен. Бұларды ағашты — тундралы және ағашты далалы жерлерден тор құрып ұстайды немесе мылтықпен атып алады.
СССР-дің орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік ма-ңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене.
Құс аулау кәсібінде қаз тәрізділер екінші орын алады. Олар- дың ішінде көбірек ауланатын өзен үйректері: қоңыр үйрек, бізқұйрық, сұр үйрек, шөрегей, сүңгуірлер, теңіз чернеті, айдарлы чернеттер, гогольдер, тұрпандар. Басқа түрлерінің етінің дәп нашар болғандықтан сирек ауланады. Тундрада көп ауланатын түрлері — гуменник қаздары, казаркалар, ал Сибирьдің батыстағы ағашты далаларынан сұр қаздар ауланады. Аққуды аулауға тыйым салынған. Қаз тәрізділерді мылтықпен және тормен аулайды. Су құстарын аулау өз мәнінде жүргізілмей келеді. Сибирьдің оңтүстігіндегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы құстардың өте көп болуы болашақта кеңінен аулауға мүмкіндік береді. Шүрегей үйректің мамығы өте бағалы. Ондай мамық жеңіл, жылу өткізуі нашар, әрі серпімді болады. Сондықтан ұйыспайды. Бағалы мамықты бізде Солтүстік Европаның кейбір аудандарынан жинайды. Сонымен қатар Балтық жағалауын, Оңтүстік Украинаны, Еділ өзенінің төменгі ағысын, оңтүстік Сибирьде және Орта Азияда ұялайтын ала үйректің де мамығы жиналады. Ала үйректер адамға тез үйір болады да, жерге қолдан жасалған ұяларға жұмыртқалай береді.
Кейбір құстардың терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісін сылып алып, илеп, түрлі киімдер — бас киім, муфта тігеді. Олар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Аққулар-дың терісінен ұзын қанаттарын жұлып тастайды, ал шүрегей, ала үйректердің қанат қауырсындарымен илеп, бұйымдар жа-сайды. Бұл теріні “құс елтірісі” деп атайды.
Жабайы құстардың жұмыртқасын (әсіресе қаздар мен үйректердің) пайдалану ертеден келе жатыр. Бірақ, бұл кәсіптік құстардың азайып кетуіне себеп болады. Тек қана қайрлардың жұмыртқасын пайдалануға болады. Өйткені олар топтанып бір жерге — “құс базарында” жұмыртқалайды. Қайрлардың жұмыртқасын алғаш туа бастағанда, яғни алын-ған жұмыртқаны қалыптастыра алатын кезде ғана жинап алады. Кейінірек ондай қабілет қайрларда болмайды.
Құс аулау кәсібін өркендету үшін, құстарды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, құстарды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею ке-зінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады. Құстардың көбірек ұялайтын және қыстайтын жерінен қорықтар ұйымдастырылады. Кейбір құстардың тарауына жағдайлар туғызылады. Мысалы, ағаш отырғызылған далаларға қырғауылдарды жерсіндірген т. б.