Жүргізіп байқау және техникалық қызмет көрсету

Комбайнды жүргізіп байқау

Жақа немесе жөндеуден шыққан крмбайнды 30 сағат жүргізіп байқайды. Жүргізіп байқаудағы мақсат — үйкелетін детальдарды жұмысқа қосу және барлық механизмдердің дұрыс жұмыс істей-тіндігін тексеру. Үйкелетін дётальдарды негізгі жұмысқа қрсу ал-ғашқы 2—3 сағатта жүзеге асырылады, сондықтан жүргізіп бай-қаудың бастапқы кезеңінде двигатель айналысы төмен болуға тиіс, Жүргізіп байқау процесінде дән ысырабын жасауы мүмкін деген кұрылғылар мен нығыздалған жерлерді тексеру керек. Сонымен бірге алда тұрған егін жинау науқанымен санаса отырып комбайн-ды ең пайдалы реттеуден өткізуді ойластырып қою қажет.

Жүргізіп байқау алдында деканы шегіне жеткенше төмен түсіру керек, элеватордың төменгі қақпағын ашып, комбайнды қолмен от алдыру керек. Содан кейін двигательді от алдырып, комбайнды тұрған орнында 3 сарат жүргізіп байқайды. Оны кіші айналыс жиілігінен бастайды. Егер барлық механизмдер түзу жұмыс істеп тұрса, онда двигательдің айналыс жиілігін бірте-бірте ұлғайтып, қалыпты жағдайға дейін жеткізеді. Жұмыс органдарын тексеру үшін әр 20 минут сайын оларды ажыратып отырады.

Бұдан кейін жүріс бөлігін іске қосады және комбайнды жүріп келе жатқанда зая жүріспен — екінші және үшінші берілістерде, жатка мен қалбағайды кезендік көтере және түсіре отырып, сондай-ақ шөмелелегіштщ артқы клапа,нын жауып және аша отырып сағат жүргізіп байқайды. Бұл ретте қалбағай мен»жүріс бөлігі вариатор-ларының жүмысын тексеру керек.

Жүргізіп байқау аяқталған соң двигатель картеріндегі майды ағызып тастайды; картерді, центрифуганы және жанар майды іші- нара тазарту сүзгісін дизель жанар майымен немесе керосинмен жуады; картерге жаңа май құяды; цилиндр калпақшасыньщ бекі-тулерінің тартылуын, клапандардағы саңылауларды, двигатель ілі-нісінің реттеулерін, комбайнның басқа да тораптарының бекітуі мен қызметін тексереді.

Жүргізіп байқауды әдетте орақ науқанына дайындықпен қатар жүргізеді. Ал комбайнды орақ кезінде 25 сағаттан (жалпы алғанда 30 сағат) артық жүргізіп байқайды. Бірінші күні егістікте жүргізіп байқағанда комбайнға алғашқыда 25—30 процент (бірінші берілісте) жүктеме түсіреді, ал бірінші жұмыс күнінің аяғында жүктемені 50 процентке дейін жеткізеді. Екінші күнді толық емесі жүктемемен бастайды да, екінші күннің соңында комбайнды толық жүктемемен жүргізеді,

Техникалық қызметтің (то) кезеңділігі мен маңызы

Комбайн мен дестелеуіш жаткаларға техникалық қызмет көрсету дегеніміз — жұмыс органдарын күнделікті тексеріп отыру, байқалған ақауларды жөндеу және майлау. Техникалық қызметке сондай-ақ жұмыс органдары мен ұсақ-түйек жөндеу операцияла-рын да жатқызуға болады.

Техникалық қызметті дер кезінде көрсету комбайн мен десте-леуіш жатканың үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі. Машинаның кез келген ақаулары мен бұзылуы аяқ астынан болмайтыны белгілі. Олар бірте-бірте қалыптасады, Әрбір жұмыс күні қарсаңында ком-байнның барлық жұмыс органдарын тексеріп отырғанда ғана ақау-лықтың туу себебін дәл уақытында байқап, оны жөндеуге қажетті шараларды қолдануға болады. Сонымен, техникалық қызмет көр-сету комбайнның тұрып қалуынан сақтандырып, оның үнемі дайын тұруын қамтамасыз етеді. ”

СК-4 және СК-4А комбайндары үшін мынадай техникалық қыз-мет көрсету белгіленген:

1) ай сайын техникалық қызмет көрсету, бұл қызмет ішінара айдың аяғында, ол негізінде жұмыс күні басталар алдында көрсе-тіледі;

2) мерзімдік техникалық қызмет көрсету бұл қызмет әрбір 60 мото-сағаттан кейін немесе 150 га астық орғаннан кейін көрсеті-леді;

3) маусым соңында көрсетілетін техникалық қызмет, бұл қызмет орақ жұмысы аяқталғаннан кейін көрсетіледі. СКД-5, СК-5 және СК-6 комбайндары үшін мынадай техникалық қызмет көрсету белгіленген:

1) ай сайын техникалық қызмет көрсету (әрбір 10 мото-сағат жұмыстан кейін);

2) № 1 мерзімдік техникалық қызмет көрсету (60 мото-сағаттан кейін)—ТО-1;

3) № 2 техникалық қызмет көрсету (240 мото-сағаттан кейін)—ТО-2;

4) № 3 техникалық қызмет көрсету (орақ маусымы аяқталғаннан кейін).

СЧ-103 мото-сағат есептегіш

СМД-14К, СМД-15К, СМД-18К және СМД-17К двигательдеріне СЧ-103 есептегіші орнатылған. Ол иінді біліктің 1700 айна-лыс/минутына сай келетін сағатты көрсетеді. СМД-14К мен СМД-15К двигательдері біліктерінің айналыс жиілігі дәл осыған сай келеді. Сондықтан, бүл ретте есептегіш көрсеткіштері двигательдің іс жүзіндегі жұмыс істеген сағат санына сәйкес келеді.

Бұл жағдайда есептегіштің оң жақтағы бірінші цифры двигатель жұмыс істеген сағатты, екіншісі —он, үшіншісі — жүз, ал төртін-шісі — мың сағатты көрсетеді.

СМД-17К және СМД-18К двигательдерінің айналыс жиілігі басқаша: 1900 айналыс/минут. Бұл двигательдердің іс жүзіндегі жүмыс уақыты мына формула бойынша анықталады:

мұнда, Т — белгілі двигатель жұмыс істеген уақыт, сағат;

а — мото-сағат көрсеткіш;

п — белгілі двигательдің 1 минуттағы айналыс саны.

Мысал. СМД-17Қ (СК-5) двигателіне орнатылған есептегіш 1000 цифрын көрсетті. СМД-17 (СҚ-5 комбайнымен) двигателі жұ-мысының іс жузіндегі мото-сағат саны

СЧ-1145Б мото-сағат есептегіш

СМД-64 двигателінё СЧ-1145 есептегіші орнатылған. Ол да СЧ-103 есептегіші сияқты иінді біліктің 1700 айналыс/минут айналу жиілігіне сәйкестелген сағатты көрсетеді. Алайда есептегіш пен двигатель айналысының бағыты есептегіш қондырғысының орнына сай келмейді. Соның салдарынан СМД-64 двигателінің жұмыс істеу процесі кезінде бұл есептегіштін, цифрлық көрсеткіштері СЧ-103 сияқты (0000-ден 9999-ға дейін) артпайды, қайта кемиді (9999-дан 000-ге дейін). Заводтық жүргізіп байқаудан өткен двигательдегі есептегіш 9999 немесе 0000 цифрларын көрстуге тиіс. Әлі жұмысқа қосылып үлгермеген жаңа есептегіш 0002 цифрын көрсетеді. Двигательді пайдалану процесінде есептегіш бірте-бірте кемитін сандарды атап айтқанда: 0001, 0000, 9999, 9998, 9997 және сондай сандарды көрсетіп отырады.

Нақты жүмыс істеген сағат санын мына формула арқылы анық-тайды:

Т=0,9 (999—К),

мұнда, Т — СМД-64 двигателі жұмыс істеген нақты уақыт, сағат

К — есептегіш көрсеткен цифр;

Мысал. Есептегіш 8100 санын көрсетті. Двигатель өнімді жұмыс істеген нақты сағат саны

7 = 0,9(9999—8100) = 1709 болады

СК-5 және СК-6 комбайндарына смена сайын

техникалық қызмет көрсету

Жұмыс басталар алдында күн сайын төменде аталатын опера-цияларды орындау керек (бұл операциялардың бір бөлегін комбайн түнде тоқтаған кезде атқарған жөн).

1. Двигательді, радиатордың корғауыш торын, ауа тазалағыштың ауа таратқыш торын, қырқу аппаратын, төсем тақтайлар мен тазалағыш елегін, тас тутқышты тазалау керек.

2. Ауа таратқыштың, двигательдің шығару трубопроводтарын, шалғы мен күйентенің, қырқу апаратының, жатка шнегінің, қалба-ғайдың, жатканы теңестіру механизмінің, көшірмелеуіш башмак-тардың, сына белдікті берілістердің, шөмеле түсіргіш механизм-дердің, сақтандыррыш муфталардың жалғасатын беттерінің жағ-дайлары мен бекітулерін тексеру қажет.

3. Майдың, судың, жанар майдың және электролиттің ақпай-тындығына көз жеткізу керек.

4. Радиатордағы май деңгейін тексеру қажет.

5. Двигатель картеріндегі, сондай-ақ жанар май насосы мен реттеуіш корпусындағы май дедгейін тексеру керек.

6. Жүргізу двигателінің багы мен кіші багына тұндырылған немесе сүзілген жанар майды үстеп құю қажет.

7. 10 мото-сағат кезеңі сайын механизмдерді майлап отыру керек (151 және 152-суреттер мен 7-таблица).

8. Двигательді от алдырып, двигательдің, комбайнды басқару механизмдерінің және жүріс бөлігінің жұмысын зая жүріспен тек- , серу керек. Байқалған ақаулықтарды оңдау қажет.

9. Комбайнның жұмыс істеу процесінде май қысымын, су мен майдың температурасын, амперметр мен тахометрдің көрсеткіште-рін, шыққан газдың түсін қадағалау қажет. Жарық және дыбыс гигналдарына назар аудару керек.

10. 20 мото-сағат жүмыс істегеннен кейін қалбағай вариаторы-ның шкиві серіппесінің бекітуін, тазалағыш механизмдерін, шын-жырлы және белдікті берілістерді, барабан шыбыртқылары мен дека планкалары арасындағы саңылауларды қосымша тексеру керек,

СК-5 және СК-6 комбайндарына № 1 кезеңдік

техникалық қызмет көрсету (60 мрто-сағаттан кейін

Смена сайын көрсетілетін техникалық қызмет операцияларын орындау қажет және оған қосымша төменде аталатын операция-ларды да атқару керек.

1. Ауа тазалағыштың кассетасын жуып майлау қажет. Ауа та-

залағыш пен шығару трубопроводының бекітулерін қатайтып тарту керек.

2. Центрифуганы тазалап жуу керек.

3. Жанар май багындағы, жүргізу двигателінің кішкене багындағы жанар майды, мұқият тазарту сүзгісіндегі және тұндырғыш-сүзгідегі түнбаларды ағызып тастау қажет.

4. Негізгі двигатель багынын, қақпағындағы тесіктерді тазарту керек.

5. Аккумулятор батареяларыньщ бекітулерін, олардың ішіндегі электролит деқгейін тексеріп, қажет болса үстеп тазартылған су құю қажет. Өткізгіш сымдарыньщ таттанған ұштары мен клеммаларын тазалау қажет және сымдардың түйіспейтін бөліктерін техникалық вазелинмен немесе солидолмен майлау керек, сондай-ақ элементтер тығынындағы желдеткіш тесіктерді тазарту қажет.

6. Жетектеуіш доңғалақтар мостысыньщ картеріндегі, барабан редукторындағы және гидрожүйе гидробагындағы май деңгейін тексеру керек.

7. Шнектің параллельдігі мен онъщ саусақтарын жатка корпу-сының түбімен салыстырмалы қалпын тексеру қажет. Қалбағай кұрылғысын, қалықтама транспортер шынжырларынын, тарылуын, жатка корпусын, теңестіруші механизмді, белдікті және шынжыр-лы берілістерді, тазалағыш механизмдерін, сақтандырғыш муфта-ларын, тежеуіш жүйесі мен двигатель ілінісінщ қызметін тексеру қажет.

8. Барлық доңғалақтар шиналарындағы қысымды тексеру кажет.

9. Механизмдерді 60 мото-сағат кезеңімен майлап отыру керек. (151 және 152-суреттер, 7-таблица).

СК-5 және СК-6 комбайндарына № 2 мерзімдікі

техникалық қызмет көрсету (240 мото-сағаттані

кейін)

Егер комбайн 240 мото-сағат жұмыс істегеннен кейін орақ одан ары жалғасатын болса, онда № 1 техникалық қызметке қосымша мына операцияларды орындау керек.

1. Ауа тазартқышты бөлшектеп, оньщ корпусын, әсіресе, цик-лондардың ішкі бөліктерін сүрту керек.

2. Жанар май тұндырғыш-сүзгісін, двигатель сапунын, жанар май багының құятын мойнының қақпағы мен сүзгісін, жүргізу дви-гателі багынын, тындырғыш-сүзгісін, жүргізу двигателі карбюрато-рының қалтқы камерасы мен жанар май жібергіш штуцерін, гид-равликалық жүйе сүзгісі мен сапунын жуу керек.

3. Электр проводтарын тексеру керек (қажет болса, бүлінген

151-сурет. СК-5 комбайнын майлау, сол жағы:

А — солидол Б —ЛЗ-159 майы; В —1-13 нашар еритін шыны май; Г —АҚ 15 (жазда), ТАп-15 (қыста) автотрактор майы.

152-сурет. СК-5 комбайнын майлау, оң жағы:

Д — М 10Г немесе М ІОВ (жазда) мотор майы; Е — ЦИАТИМ-201 (қалған белгілер 151-суреттің астындагы сөздерде көрсетілген).

7-таблица

СК-5 комбайнын майлау таблицасы

151 ж/е

152- сурет-тердегі позщиция номерлері

Майлайтын механизмдер Майлау нүктелер-інің саны
 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

 

А. 10 сағат жұмыс істегеннен кейін

майлау керек

Қалбағай вариаторыныд жоғарғы шкивінің күпшегі

Қалбағай вариаторының төменгі шкивінің күпшегі

Шалғыны жалғастыру буындарыныд беттері

Шатунның сфералық топсасы

Б. 60 сагат жұмыс -істегеннен кейін

майлау керек

Қалбағай вариаторының төменгі білігі шабағының подшипнигі

Молотилка жетегінің белдігін керу шкиві кронштейнінің топсасы

Қалбағай тізгіні мен роликтері

Тазалағыш желдеткіші вариаторының ортаңғы дискісінің күпшегі

Жүріс бөлігі ілінісінің сығу муфтасының подшипнигі

Босату шнегі муфтасының роликті подшипнигі

В. Маусымына бір рет майлау керек

Қалбағай мен жатка шнегінің сақтандырғыш муфтасы дискісінің втулкасы

Жатканы теңестіру механизмінің сол жақ рычагы

Жатка корпусы бұрылысын реттеуіштің сол жақ ролигі

Барабан білігінің сол жақ подшипнигі

Барабан білігінің айналыс жиілігін реттеуге арналған құрылғы

Бас карсы жетек білігінің сол жақ подшипнигі

Дән шнегі муфтасы шкивінің күпшегі

Басқарылушы мостының сол жақ бұрылыс жұдырығының шкворені

Басқарылушы мостыны (артқы нүкте) тербелту осі

Гидрокүшейткіш топсалары

Басқарылушы мостының оң жақ бұрылыс жұдырығының шкворені

Сабан нығыздауыш иінді білігінің ортаңғы тірегінің инелі подшипниктері

Сабан нығыздауыш тырмалауышының ағаш подшипниктері

Басқарылушы доңғалақтар күшпегінің сол жақ подшипнигі

Топан нығыздауыш тырмалауышының подшипниктері

Босату шнегі карданының топсасы

Барабан редукторы

Ілініс муфтасының педалі

Жатка жетегі карданының топсасы

Қалбағай қалпын реттейтін сол жақ рычаг

Басқарылушы мост тартпасының көлденең топсасы

Басқарылушы мостыны (алдыңғы нүкте) тербелту осі

Басқарылушы доңғалақтар күшпегінің оң жақ подшипнигі

Масақ шнегі муфтасы жұлдызшасының күпшегі

Жүріс бөлігі вариаторы рычагының осі

1

1

2

1

1

1

3

1

1

1

1

2

1

1

4

1

1

2

1

2

2

1

4

1

2

1

1

1

2

1

2

1

1

1

1

7-таблицаныц жалғасы

151 және 152-су-реттердегі позиция нөмерлері Майланатын механизмдер Майлау нүкте-лерінің саны

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

 

Жүріс бөлігі вариаторы дискісінің ортаңғы күпшегі

Жүріс бөлігі вариаторының шеткі дискілері күпшектерінің подшип никтері

Бас қарсы жетек білігінің он жақ подшипнигі

Жетектеуіш мост (беріліс қорабы, дифференциал, бүйір редукторы)

Қалбағай қалпын реттейтін оң рычаг

Жатка шнегінің саусақты механизмінің втулкасы

Жатканы теңестіру механизмінің оң жақ рычагы

Жатка корпусы бұрылысын шектеуіштің оң жақ ролигі

Қалықтама транспортердің жоғарғы білігінің сақтандырғыш муфтасы дискісінің втулкасы

Берілісті ауыстыру механизмі рычагының күпшегі

Барабан білігінің оң жақ подшипнигі

Босату шнегін қосатын қамыт

Гидрожүйеі

Електің артқы аспасының. Топсалы подшипниктері

1

1

1

1

1

2

2

1

1

1

1

1

1

4

Қалпақшаны үш айналысқа бұрау керек.

** 60 сағат жұмыс істегеннен кейін деңгейін тексеріп, үстеп май құю кажет,

жерлерін оқшаулау (изолировать) керек). Сондай-ақ гевераторды, стартерді және стартер қосылысының жанасуын тексеру қажет.

4. Двигательдін, клапанды механизміндегі, свечадағы және магнето үзгішіндегі саңылауларды тексеріп реттеу керек. Карбюраторды, двигатель ілінісің жүргізу двигателі беріліс механизмінің ілінісің берілісті ауыстыру механизмің рульдік басқаруды тексеру керек.

5. Негізгі двигатель картері мен жетектеуіш доңғалақтар мос-тысындағы, сондай-ақ барабан редукторындағы (егер ол жетекте болса) майды ауыстыру керек.

6. Маусымына бір рет механизмді майлап отыру қажет (151 және 152-суреттер мен 7-таблицаны қараңыз).

СК-5 және СК-6 комбайндарына № 3 техникалық қызмет көрсету

Барлық орақ жұмыстары аяқталғаннан кейін төмендегі опера- цияларды орындау керек.

1. Комбайнды тазалау қажет.

2. Келесі орақ науқанында комбайнды жөндеусіз пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін оның техникалық жағдайын бөлшекте-мей бағалау қажет. Егер комбайн жөндеуді қажет етпесе, онда маусым аяғында көрсетілетін техникалық қызметтің мына төмен-дегі операцияларын іске асыру керек:

1) Тексерген кезде байқалған техникалық ақауларды жөндеу

қажет;

2) Қолданыдып жүрген “Колхоздар мен совхоздарда трактор-ларды, автомобильдерді және ауыл шаруашылығы машиналарын сақтау Ережелеріне” сәйкес комбайнды ұзақ уақыт сақтауға даяр-лау керек;

3) Электрлік жабдықтау агрегаттарың жанар май насосы мен форсунканы сақтауға қойғанға дейін шеберханада тексеріп, реттеу керек;

4) Орақ жұмыстары басталуға 4—6 апта қалғанда комбайнды сақталған орнынан шығару қажет. Бұл ретте машиналарды сақ-талған орнынан шығару жайлы “Колхоздар мен совхоздарда трак-торларды, автомобильдерді және ауыл шаруашылығы машиналарн сақтау Ережелерінде” көрсетілген барлық операцияларды орындау керек.

Читайте также: