Жүргізгіш двигательдің электр-факельдік жылытқышы, беріліс механизмі, карбюраторы және реттеуіші

Электр-факелдік жылытқыш. СК-4 комбайнының приборлар калқанында қосқыш 14 және СМД-15К двигателінің ендіру кол-лекторында орнатылған электр-факелдік жылытқыштың әрекетін баскаруға арналған бақылау элементі бар (134-сурет). Жылытқыш суық мезгілде двигательді жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Жүргізгіш двигательдің беріліс механизмі. Қозғалысты жүр-гізгіш двигательден дизельге беретін механизм іліністен және жүр-гізгіш двигательді ажыратқыш құрылғыдан түрады.

Жүргізгіш двигатель аралық шестерня арқылы беріліс механизмі білігінің қола втулкасына еркін орналасқан шестерняны 16 козғалысқа келтіреді (135-сурет). Жетек шестерняға жетектемесі жетектеуіш дискінің 19 ойығына түсірілген жетек барабан 5 бекі-тілген. Жетектеуіш дискілердің аралығында өзінің жырашығымен озу муфтасыньщ втулкасына 11 кигізілген жетектелуші дискілер 18 орналасқан. Жетектеуіш және жетектелуші пакеттердің бүйірлеріне тірек 17 және қысу дискілері 20, 21 де бекітілген.

Қысу дискісінің екі саусағы озу муфтасының көлденең ойығына кірген. Қысу дискілері мен тірек втулкасының аралығында под-шипник орналасқан. Тірек втулкасының тәжі тұтқа 24 стержеңінің тістерімен ілініскен; втулканың бүйірінде орнықты тіректің 1 қиғаш тістеріне жанасатын дәл осындай тістер жасалған.

Іліністі қосу үшін тұтқаны 24 өзіңізге қарай бұрыңыз; Тұтқаның стержені втулканы бұрады. Втулка тістерінің тірек тістеріне Катысты сырғанауы нәтижесінде втулка ілініске қарай жылжиды да, дискі 20арқылы іліністің жетектеуіш және жетектелуші дискілерін қысады. Ілшісті ажырату үшін тұтқаны ары қарай бұрады. Серіппе бұл жағдайда ілініс дискілерін ажыратады.

Озбалы муфтаның. ролигі 12 білік пен осы муфтаның втулка-сьінан жасалған жьірашыққа орналасқан. Жырашықтың тереңдігі біркелкі емес. Серіппелі итергіш 14 роликтерді жырашықтың те-

  

134-сурет. Приборлар калқаны:

а — СК-4 комбайнынікі; б — СКД-5 комбайнынікі; / — розетка; 2 — жылытудың бақылау элементі; — фараларды ауыстырып-қосу құлпы; 4 — приборлар құлпы; 5 және 13 — дыбыстық сигналды ажыратып-қосқыш; — шанақтың сигнал лампочкалары (жасыл түсті); 7 — су температурасын көрсеткіш; 5 — амперметр; 9 — май қысымын көрсеткіш; 10 — май температурасын көрсетіш; 11 — шөмелелегіштің сигнал лампочкасы (қызыл түсті); 12 — мо-лотилканық (шнектер, элеваторлар және сабан сіліккіштердікі), қызыл түсті сигнал лампочкасы; 14— электр-факелдік жылытқышты косқыш; 15 — стартерді косқыш; 16—-турбинадағы май қысымын көрсеткіш; 17 — майдың апаттық температурасының сигналдық (қызыл түсті) лампочкасы.

реңдігі таяз жағына қарай сығуға тырысады. Осы кезде роликтер білік пен втулка аралығында сыналанып қалу себепті қозғалыс втулкадан білікке беріледі. Егер білік втулкадан жылдам айнала бастаса, онда роликтер сыналанып қалады да, втулка білікте сыр-ғитын болады. Осының арқасында дизельді жүргізген соң жүргізгіш двигательдің бұрынғыдан шапшаң айнала түсуіне жол берілмейді.

Қозғалыс дизельдің маховигіне шестерня арқылы беріледі, Осы шестерняның созыңқы күпшегіне жүкшені көтеріп ұстатқыш 15 бекітілген. Шестерня серіппеге 7, итергішке 8 және бағыттауыш втулкаға 9арналған көлденең каналы бар біліктің жырашықтары-мен еркін жылжи алады. Серіппелер итергішті жүкшелердің сош-касына қысады.

Айналысты дизельдің маховигіне беру үшін, ең алдымен шес-терняны рычаг арқылы маховиктін тәжіне іліністіреді (жүкше-

135-сурет. Жүргізгіш двигательдің беріліс механизмі:

1 — тірек; 2 — тірек втулка 3, 7 және 13 — серіппелер; 4— білік; 5 — іліністің жетек барабаны; — қосу шестернясы; 8 — итергіш; — бағыттауыш втулка; 10 — жүкше; 11— озбалы муфтаның втулкасы; 12 — ролик; 14 — итергіш; 15 — ұстағыш; 16 — жетек шестерня; П — тірек дискі; 18 және 19 — дискілер; 20 — қысу дискісі; 21 — күпшек; 22 — втулка; 23 — винт; 24 — тұтқа.

лердің 10 кертіктері втулканың бағыттауышының басымен ілі ніседі), сонан соң тұтқамен 24 іліністі біркелкі қосады.

Дизель маховигінің айналу жиілігі тез арта түссе, жүргізгіш двигатель мен дизельді ажыратқыш озбалы муфта іске қосылады. Дизельдің айналысы 680 айналыс/минутқа теңелгенде жүкшелер центрден тепкіш күш әсерінен алшақтайды да ұстатқышты 15 бо-сатады. Серіппелер 7 шестерняны маховикпен ілінісуден шыға-рады.

Егер жүргізгіш двигательдің ілінісі құр айналатын болса, онда винтті 23 бұрап босатып, тұтқаны 24 (отын стержені тірек втул-каның тәжімен жанасудан шыққанша) шығарады, тұтқаны 20— 30° сағат тілінің айналу бағытына қарама-қарсы бұрып, қайтадан тұтқа стерженін втулканың тәжімен ілініске түсіріп, винтті 23 орнына қояды.

Жүргізгіш двигательдің карбюраторы. Жүргізгіш двигательде К-16А (136-сурет) немесе К-06 карбюраторы орнатылған. К-16А карбюкаторында зая жүріс пен жүргізгіш құрылғы жүйесін рет-тейтін горизонталь араластырғыш камера бар. Оның басты доза-лауыш құрылғысы отын жиклерінің жанындағы сирексудің өзгерісі негізінде әсер етеді. К-06 карбюраторы қалтқысыз типті: отынның келуі арнайы диафрагмамен реттеледі. Пайдалану сапасы

136-сурет. К-16А карбюраторынын. схемасы:

1 — зая жүрістің ауа каналы; 2 — диффузор; 3 — зая жүрістің жиклері; 4 — зая жүрістің винті; 5 — зая жүрістің каналы; 6 — зая жүрістің шығару тесігі; 7 — дроссельдік жапқыш 8 — қалтқыны батырғыш; 9 —бекіту инесі; 10 — қалтқы; 11 — отын каналы; 12 — араластырғыш камера; 13 — зая жүріс жүйесінің отын каналы; 14 — негізгі жиклердің құндағы; 15 негізгі жиклер (тозаңдатқышпен бірге жасалған); 16 — ауа жапқышы.

және қосу өлшемдері бойынша екі карбюратор өзара алмасты-рылымды.

К-16А карбюраторы былайша әрекет етеді. Қалтқылы камера канал 11 арқылы негізгі жиклермен 15 және каналмен 13 жалғасқан құдықпен 14 байланысқан. Сондықтан қалтқылы камерадағы, негізгі жиклердің тозаңдатқышындағы және каналдағы 13 отынның деңгейі двигатель жұмыс істемей тұрғанда бірдей болады. Негізгі тозаңдатқышы диффузордың қуысына ендірілген, ал канал 13 шығару тесігі винтпен 4реттелетін жиклермен аяқталады.

Двигательді жүргізу үшін ау келте түтігінің қақпағын ашады, ауа 16 дроссельдік 7 жапқыштарды аша түседі. Диффузорда 2 және каналда 5 отынның негізгі жиклердің тозаңдатқышынан, жиклерден және тесіктерден қарқынды шығуын қамтамасыз ететін күшті сирексіту пайда болады.

Зая жүрісте жұмыс істеу үшін дроссельдік жапқышты жабық күйінде қалдырып, ал ауа жапқышты ашады. Негізгі жиклердің тозаңдатқышынан отын шығуын тоқтатады, себебі оның маңайын-дағы сирексу жетімсіз. Оның есесіне жиклерден отынның шығуы артады, ол каналмен 1 келетін ауамен араласады. Отын-ауа қоспасы тесік арқылы араластырғыш камераға құйылады. Зая жүрісте жұмыс істеу үшін винтпен қоспаның құрамын реттейді: винтті бұрап сұғындырғанда қоспа кедейленеді, ал оны бұрап шығарғанда — байытылады.

Толық жүктемемен жұмыс істеу үшін екі жапқышты ауа және дроссельдік жапқыштарды толық ашады. Диффузордағы күшті сирексу негізгі жиклердің тозаңдатқышынан отынның көп шығуына әкеп соғады. Ол кезде зая жүріс жүйесі қоспа құрамын компен-сациялайды. Бұл былай іске асырылады. Ең үлкен немесе ең үлкен қуатқа жуықтағанда негізгі жиклерге канал 1, жиклер және канал 13 арқылы ауа ағыны келе бастайды. Жиклерге 15 енетін ауа оның маңайындағы сирексуді кемітеді де одан отынның шығуын тежейді.

Жүргізгіш двигательдің реттеуіші. ПД-ЮУ двигателінде двигатель зая немесе толық жүктемемен жұмыс істегенде ең шапшаң айналу жиілігін шектеуге арналған бір режимді шарлы центрден тепкіш реттеуіш орнатылған (137-сурет).

Реттеуіштің білікшеде 17 шарларға 15 арналған төрт ұяшығы бар жетекші дискі 14 орнатылған (бұрандалы оймада). Шариктер қозғалмайтын тірек дискі 16 мен конустық жиегі бар жылжымалы дискі 7 аралығында орналасқан.

Білікшеге 12 екі рычаг — сыртқы 10 және ішкі 11 рычагтар бекітілген. Сыртқы рычаг тартпа арқылы карбюратордың дрос-сельдік жапқышының рычагымен жалғасқан. Ішкі рычагтың 11 жоғарғы басын керілуі винтпен реттелетін серіппе қысып тұ-рады. Рычагтың 11 төменгі ұшы шарик 13 арқылы дискіні 7 қыса-ды. Сондықтан, серіппе рычаг 11 және шарик 13 арқылы дискіні

137-сурет. Жүргізгіш двигательдің реттеуіші:

1 — дроссельдік жапқыштық тірек винті; 2 — дроссельдік жапқыштың қолмен басқару рычагы; 3 — зая жүріс винті; 4 — ауа жагіқыштық рычагы; 5 — тартпа; 6 — дроссельдік жапқыштын, рычагы; 7 — жыл-жымалы дискі; 8 — серіпле; 9- реттеуіш винт; 10 — сыртқы рычаг; 11 — ішкі рычаг; 12 және 17 — білікшелер; 13 және /5 — шариктер; 14 — жетек дискі; 16 — тірек дискі.

шариктерге /5 үнемі қысып тұрады.

Двигатель жүмыс істе-мей тұрған кезде, шариктер тірек дискісінің 16 маңында орналасқан, ал рычагтар жүйесі дроссельдік жапқышты толық ашық қалпында үстайды. Егер двигательдің айналу жиілігі 3800—4000 айналыс минутқа жететін болса, онда шариктер центр-ден тепкіш күш әсерінен алшақтайды да дискіні 7 оңға қарай ажыратады. Дискінің 7 қозғалысы барлық беріліс жүйесіне

беріледі, осының нәтижесінде дроссельдік жапқыш жабылады. Двигатель зая жұмыс істеп тұрған кезде тартпаны қолмен

тартуға болмайды, себебі бұл двигательдің бұрынғыдан да шап-

шаң айнала түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Читайте также: