Жер қырытысының жалпы құрамы

Жер қырытысының жалпы құрамы. Жер қыртысы әр түрлі тау жыныстарынан тұрады. Олар кемінде екі минералдан, ал көпшілік жағдайда, бірнеше минералдардан құралады.

Минералдардың саны алуан-түрлі. Олар екі немесе бірнеше химиялық элементтердің қосындысы ретінде әр түрлі жағдайда пайда болады.

Жер қыртысының және жердің жалпы құрамын анықтау үшін, ғалымдар жер бетіне шығып жатқан заттарды зерттеумен қатар, жердің ішкі терең қойнауынан немесе мұхит түбінен көтерілген (бұрғылау скважиналары арқылы) тау жыныстары мен минералдардың химиялық құрамын зерттейді, сонымен қатар салыстыра отырып зерттеу мақсатында Жер серігі Айдан әкелінген тау жыныстарының және Жер бетінде табылған метеориттердің құрамын әр түрлі әдістерді пайдалана отырып тексереді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *