Жарма дақылдарды жинау

Қарақұмық пен тары жинауға арналған ПКК-5 тетігі мынандай желілер мен бөлшектерден түрады: жатка шнегі жинауыш ме-ханизмінің екі резиналы қалақшасы; жатка үстіндегі қалқанша; металл және резиналы фартуктар; қабыршақты елек және оған арналған бағыттауыштар; жоғарғы масақ шнегінің үстіңгі сүйемелі; молотилканың қабылдау камерасының ауыстырмалы қалқаншасы; ауыстырмалы жұлдызшалар.

Резиналы қалақшалар жатка шнегінің саусақты жинауыш ме-ханизмі орналасқан ортаңғы бөлігіне бекітіледі. Олардың қызметі — жатка түбіндегі шашылған дәнді қалықтама транспортерге беріп тұру.

Жатка шнегінің ортаңғы бөлігінің үстіне орнатылған қалқанша екі кронштейн мен топсалы жалғасқан екі бөлшектен тұрады. Оның қызметі — шнектін. жинауыш механизмі саусақтарыньщ дәнді шашуынан сақтандыру.

Төрт клапаннан тұратын металл фартук сабан сіліккіштің үстіне асылып орнатылады. Оның қызметі — барабанның шашуы ық-тимал дәндерді ұстау.

Резиналы фартук арткы жетек біліктщ құндағына асылып ор-натылады. Ол жоғарғы ұзартқыштың үстінде орналасып, дәннің ауа ағынымен үшып кетпеуінен сақтандырады.

Елек станының бүйірлеріне төменгі жапқышы бар тордың ас-тына бағыттауыштар бекітіледі. Бүл бағыттауыштарға қосымша қабыршақты елек қойылады. Бұл електің сопак тесіктерінін. өлше-мі 14X24 мм. Електің қызметі — дән қоспаларын жапырақты және басқада ірі қоспалардан қосымша тазарту.

Жоғарғы масақ шнегінің үстіңгі сүйемелі жылжымалы құрсау сияқты. Оның иілген науашықтары әр түрлі жаққа бағытталған. Оның қызметі — массаны масақ элеваторынан не қайта бастыруға, не сабан сіліккішке бағыттап отыру.

Молотилканьщ қабылдау камерасьінан тас тұтқыштың қалқан-шасын алып тастап, сопақша тесіктері бар ауыстырылмалы қал-каншаны орнату керек. Жатканың жұмыс органдары бастырған дәндер ауыстырылмалы қалқаншаньвд тесіктері арқылы тараты-лып, бастыру құрылғысына соқпай тазартқыштың транспорттық тақтайына түседі.

Ауыстырылмалы жұлдызшалар масақ шнектерінің аиналыс жиілігін (дәнді дақылдарды жинағанда төменгі шнектің айналыс жиілігі 289 айналыс/минут, ал жарма дақылдарды жинағанда — 353 айналыс/минут болады) арттыруға арналған.

Желдеткішке ең аз айналыс жиілігін (430 айналыс/минут) беру керек. Тазартқыштың екі елегінің жапқышын да 30 градусқа ашу керек.

Бастыру күрылғысында мынандай санылаулар (дақылдың жағ-дайына байланысты) қойылады:

а) кіре берісте: тары үшін 18—24 мм, қарақұмық үшін 22 28 мм;

ә) шыға берісте: тары үшін 4—10 мм, қарақұмық үшін 6— 12 мм.

Читайте также: