ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР
Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті еоекшеліктер бар Бүлардың көпшілігі фонетика мен граммйтикадан гөрі лексика саласында жиірек үшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, -етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты кап емес деуімізге болады.
Ауызекі тілдегі сөз аиырмашылық-тарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты түңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: “Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету” (3-бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жер-гілікті ерекшеліктері ендірілпен. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсегілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Қітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қүшақтау, бірі шек болу, еркектеп кету, орам болу, сұрам беру, |жоқ ету, қайырма беріс, т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп •кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бей-|бас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шыгып ету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т. б.
Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жол-мен анықтап, оларды документациялауда бір ізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.
“Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” екінші рет про-фессор С Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыс-тық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылар-дыц шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы бай-қалады. Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақіна-орысша) толық түсінік беріліп отырылган. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстан-ның қай жерінде кездесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С. Аманжоловтың бұл еңбегін тұнғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп те атауға болады.
Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз — іргелік киіз, үйдің іргесіне үстайтын, ішіне төсейтін киіз (Д.); тус- [•. киіз (А.)1— Зерен — зерлі аяқ (Д.); көздей, тостағанның ең кішкенесі (А.). Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу (Д.);шурқырасу (А.) Сүгіт — сөгіс, үрыс/сөгу, үрысу (Д.); Өсек, ғайбат (А.), Аруана — жазы орнына қолданылатын, түйеге салатын нәрсе (Д.); ком, шом, жазы (А.) т. б.
Бірлі-жарым ұсақ-тұйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік түрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар үйымдастыры-лып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Соны-мен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті. Солардың негізінде 1969 жылы “Қазақ тілінің диа-лектологиялық сөздігі” жарық көрді. Мұнда бүрынды-соңды жиналып-терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктегг екшей отырып, 6000-ға жуық сөздерді бір том етіп шығарған. Яғни бұл сөздік С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің негізінде жасалған. Сөздіктің жалпы қүрылысымен құрылымды — реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан “Қазак, тілінің түсіндірме сөздігіне” сүйенген. Бұл сөздікке негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктері енген болса, сонымен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтар-ының тіл ерекшеліктері де қамтылған. Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері күні бүгінге дейін жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиіс-ті орын ала алмаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы, бірсыпыра сөздерге дұрыс талдау жасалған. Сонымен қатар ксйбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың ор-нына көп ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, атықтыру, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, боздақ, буазу, булық, далда, дембе-дем, елі, жадағай, жарыс қазан, жасымық, жаужүрек, кәделеу, кергі, қазан ат, қодыра, қоз, мор, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, май-
: Мұндағы Д.— Досқараев, А.— Аманжолов деген фамилиялардық бас әрпі.
мақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, кыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т. б. Сөз мағыналарын дәлелдеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіқішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөз-дігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жуқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді.Қүмыр — суды көп ішетін ауру түрі.. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсін-дірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын фонетикалық диалектизм-дерге әдеби тілдегі Ш әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған синоним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алган.
Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі.