Двигательді майлау кезеңділігі

Күн сайын. Двигатель картеріндегі май деңгейі тексеріледі. Егер май май өлшегіштің жоғарғы белгісінен төмен болса, онда үстеп май құю керек. Сондай-ақ жанар май насосы мен оның рет-теуішіндегі май деңгейі де тексеріледі. Қажет болса оларға қүю тесігінің деңгейіне дейін үстеп май құяды.

60 сағат жұмыс істегеннен кейін. Су насосыньщ май құйғышын тазалап, шприцпен 3—4 рет айдап солидол жібереді. Ауа тазартқыш кассеталарды жуып, дизель майымен майлайды.

240 сағат жұмыс істегеннен кейін. Двигатель картеріндегі май ауыстырылады. Жүргізу двигателі редукторындағы май деңгейі тексеріледі. Егер қажет болса байқау тесігінің ернеуіне дейін үстеп май құю қажет. Ілініс білігінің май құйғышын тазалап, оған солидол жібереді. Генератордық алдыңғы подшипнигінің бұрандалы май құйғышын бұрап алып № 158 немесе ЦИАТИМ-202 майын жібереді де, бұрандалы май құйғышты бүрап жабады Генератордың артқы подшипнигінің қақпағын ашып, оны да дәл осындай маймен толтыру керек. СТ-100 стартерінің подшипниктеріне 15 тамшы дизель майын құю қажет. Гидронасос жетегінің корпусына 50 грамм дизель майын құю керек.

Ескерту. 480 сарат жұмыс істегеннен кейін жанар май насосынын. корпусы мен оның реттеуішінің корпусын жуу қажет.

 

Читайте также: