Двигательдің ілінісі

Жалпы мәліметтер. Ілініс, сыналы белдікті берілістер мен сақ-тандырғыш муфталар комбайнның үйкеліспелі беттері аралығында туындайтын үйкеліс күштерді пайдалануға негізделген механизм-деріне жатқызылады. Іліністегі үйкеліспелі беттер жазық дискілер түрінде жасалған, бұған қоса олар үйкеліс күшін арттыратын фрикциялық бастырмамен қапталған. Барлық іліністер әдетте мьі-надай төрт элементтен құралған: жетекші бөлік, жетектегі бөлік, қысқыш құрылғы және басқару механизмі. Қысқыш құрылғының ерекшелігіне сәйкес ілініс екі түрге бөлінеді: тұрақты үнемі ко-сылған (тұйықталған) және тұрақсыз (уақытша) қосылған (тұ-йықталмаған).

Мұның алғашқысында жетекші және жетектегі дискілер тұрақты түрде бір-біріне серіппелермен қысылған. Дискілерді ажырату үшін осы серіппелердің кедергісін жою керек. Тұрақсыз қосылған іліністе дискілерді қысу күші рычагтар мен қысу жұдырықшаларының жүйелерімен тудырылады. Осылардың қалпына тәуелді түрде дискілер қысылған немесе босақ күйде бола алады.

Тұрақсыз қосылған ілініс біраз уақыт ажыратылған күйде қала алады. Түрақты қосылған іліністі беріліс қорабын редукторды ажыратып қосуға қажет болатын қысқа мерзімге ғана ажыратуға болады. Ажыратып-қосу іске асырылысымен ілініс қайтадан қосыла кетеді.

Барлық комбайндардың жүріс бөлігінің, сондай-ақ СК-6 ком-байны двигателінің ілінісі — тұрақты түрде қосылған (тұйықтал-ған). СК-4, СК-4А, СКД-5 және СК-5 комбайндары двигателінің ілінісі — тұрақсыз (уақытша) қосылған.

СК-4, СК-4А, СКД-5 және СК-5 комбайндары двигательдерінің ілінісінің құрылысы және әрекеті. Осы двигательдердің ілінісі 130-суретте көрсетілген. Жетекші бөлігі — маховик 7, қысу дискісі 17, тірек (таяныш) дискісі 2. Жетектегі бөлік — фрикциялы бастыр-масы бар дискі 3. Жетекші дискінің күпшегі ілініс білігі бойымен жырашығы арқылы еркін жылжи алады. Маховикпен қатаң жалғастырылған тірек дискіде іске қосу механизмі орнатылған.

Қысу дискісіне жетекші үш саусақ 15 престеліп бекітілген. Бұ-лардың жалтыратылған белдеулері дискіге бекітілген бағыттауыш фланецтерге 16 сұғындырылған. Саусақтардың ұштарына серіппелер кигізілген. Саусақтар айналдыру моментін маховиктен қысу дискісіне беруге, қысу және тірек дискілерінің өзара орналасу қалпын орнықтыруға арналған. Саусақтардың серіппелері іліністі ажыратқанда дискілер аралығында саңылаулар болуын қамтамасыз етеді.

Қысу дискісінде үш комплект серіппелер және орналасқан (131-сурет). Бұл серіппелер втулкамен және втулканы центр-лейтін өңделген екі белдеушесі бар болтпен қысып ұстатылған.

130-сурет. Двигательдің ілінісі:

1—-қосу муфтасы; 2 —тірек дискі; 3 — жетектегі дискі; 4 — күпшек; 5 — сырға; 6— қос иінді рычаг; 7 — маховик; 8 — кронштейн; 9 —қысу рычагы 10 —ролик; 11 — ілініс білігі; 12 — цилиндрлік күпшек; 13 — аша; 14 — қосу муфтасының корпусы; 15 — жазылмалы серіппелі жетекші саусақ; 16— бағыттауыш фланец; 17 — қысу дискісі.

131-сурет. Двигательдің ілінісін реттеу механизмі:

1 —теңгеруші рычаг; және 3 — серіппелер; 4—арнайы болт; 5 — қалпақша; 6 — втулка; 7 — сүңгіге арналган сақылау; 8 — реттеуіш болт; 9 — қарсы гайка; 10 — өкшелік; 11 — қысу дискісі.

Тірек дискіге осьтерінде қысу және қос иінді рычагтар ор-натылған үш кронштейн бекітілген (130-сурет). Қос иінді рычагта ролик 10 бар. Қысу рычагының жалпақ ұшы роликке жанасады, ал сфералы ұшы кронштейнде орнатылған теңгермелік рычагтың тесігіне кіреді.

Теңгермелік рычаг 1 қалпақша арқылы втулкаға тірелген (131-сурет). Осы рычагтың екі ұшының қысу дискісінің 11 өкшелігіне тірелетін реттеуіш болты 5 бар.

Қосу механизмі көлденең біліктен, ашадан 13 және тірек дискі-сіне пісіріліп жапсырылған цилиндрлік күпшекке 12 кйгізілген қосу муфтасынан құралған (130-сурет). Қосу муфтасы осы күп-шекте сырғанай алады. Күпшек 12 пен біліктің 11 аралығында 2 мм саңылау бар. Майлау майлары тек қосу муфтасының подшипнигіне ғана’емес, сонымен қатар қосу муфтасының тесігі мен кертігі арқылы күпшектің бетіне де жағылады. Көлденең біліктің сыртқы үшында басқару алаңшасының шетінде орналасқан рычагпен беріліс жүйесі бойынша байланысқан рычаг бар. Қосу муфтасы корпусының цапфасы ашамен 13 жалғасқан. Сырғалар 5 муфтаньщ аралық сырғасын қос иінді рычагтармен жалғастырады.

Іліністі қосу үшін, қосу муфтасын маховик жаққа (132, б-су-рет), яғни сол жаққа жылжыту керек. Сырғалар 10 қос иінді ры-чагтарды қысады, оларды рычагтардық жалпақ үштарын ролик-

132-сурет. Ілініс механизмінщ іс-әрекеті:

а — ажыратылған; б — қосылган; 1 — қос иінді рычаг; 2 — қысу дискісі; 3 — жетектегі дискі; 4 — маховик; 5— втулка; 6 — қалпақша; 7 — теңгеруші рычаг; 8 — қысу рычагы; 9 — реттеуіш болт; 10 — сырға; 11— іліністі қосу муфтасы; 12 — өкшелік; 13 — тірек болт.

мен қыса отырып сағат тілінін, қозғалу барыты бойынша бұрылады. Рычагтар өз кезегінше теңгермелі рычагтарды 7 қысады. Рычагтар 7 бұл қысьшды әрмен қарай былайша береді: реттеуіш болттармен — өкшеліктерге 12; қарама-қарсы ұштарымен қалпақтар көмегі арқылы — втулкаға 5 беріледі. Бұл кезде втулканың серіппелері сы-ғылып жиырылады. Дискі маховикке жетекші дискіні қысады.

Іліністің қосылу процесінде қос иінді рычагтың жоғарғы иығы алғашында оны рычагтың аралығында тік бұрыш болатындай қа-лыпта орналасады. Сонан сон, қос иінді рычаг тағы біршама жылжиды. Осының нәтижесінде олардың және рычагтын, 8 аралығында өздігінен ажыратылып кетуді сақтандыратын бекіткіш күш (құлып) пайда болады.

Теңгермелік рычагтар косу дискісіне бірқалыпты кысымның түсуіне жағдай жасайды, себебі кысым түсіретін нүктелер саны екі есе артады. Серіппелер біркелкі іске қосылуды және қысқыш дискіге серпімді қысымның түсуін қамтамасыз етеді.

Болттың бүркеншегі мен қалпақшасының аралығындағы қа-лыпты саңылау 0,5 мм-ге тең. Егер бүл саңылау болмаса немесе 0,5 мм-ден кем болса, онда іліністі қосқанда қалпақша втулкаға емес, болтқа 4тіреледі де іске қосу күші күрт артатын болады

(катаң деп аталатын қосылу шығады). Саңылау өте үлкен болғанда ілініс тіптен қосылмайды.

Ілініс бүйір жақтары люк арқылы реттеледі. Реттеуді былай орындайды: іліністі қосады да люкті ашады; іліністің білігін тең-гермелік рычаг 1 люкке қарама-қарсы тұратындай етіп бұрады; санылауды сүңгімей тексереді; егер саңылау дұрыс болмаса, онда іліністі ажыратады, қарсы гайканы босатады да болтты қажет жаққа қарай бұрайды. Реттеп болған соң қарсы гайканы қатайтып тартады. Шыққан саңылаудың дұрыстығын тексеру үшін іліністі қайта қосады. Осыдан соң іліністің білігін айналдырып екінші, сонан соң үшінші теңгермелік рычагтағы саңылауларды реттейді.

Тірек болтпен 13 қосу муфтасын ажыратылған қалпында бекітеді (132-сурет). Мұны былай істейді: қарсы гайканы босатады; тартпадан босатылған рычагты тік қалпында қояды; тірек болтты 13 ілініс қақпағының фланеціне тірелгенге дейін (а позициясы) жеткізеді; рычагтан болтты бір толық айналысқа бұрап шығарып, қарсы гайканы тартады; тартпаны реттейді де оны рычагқа жал-ғастырады. СК-5 комбайнында бұл рычагты радиатор жақка 10° көлбеулікпен орнатады. Осы көлбеулікті жасау үшін болтты 40 мм-дей бұрап шығару керек.

СМД-64 двигателінің ілінісі. Бұл іліністе (133-сурет) маховик 3, аралық дискі 5, қысу дискісі және маховик бекітілген тірек дискі 20 жетекші бөлікті құрайды. Фрикциялық бастырмасы бар екі дискі — жетектегі бөлік. Аралық 5 және қысу дискілерінің төрт дөңесі маховиктің кертігіне кіргізілген. Жетектегі дискілердің 2 жырашықты күпшектёрі ілініс білігіне 15 еркін кигізілген. Же-тектегі дискілер күпшекпен серіппелер (демпферлер) 1 арқылы жалғасқан — бұл іліністің біркелкі қосылуын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда СМД-64 двигателінің ілінісі тұрақты түрде қосулы (тұйықтаулы) болатындығы айтылған еді. Серіппелердің 19 әсе-рімен дискілер 2, 5 және тұрақты түрде қосулы — олар бір-біріне және маховикке қысулы болады.

Тірек дискіге 20 гайкалармен 10 аралық сырғаларында ажы-ратқыш рычагтар 7 топсалы болып бекітілген төрт аша бекітілген. Қысу дискісінде де ажыратқыш рычагтардың сыртқы ұштары топсалы бекітілген аралық сырғалары бар. Ажыратқыш рычаг-тардың қысу және тірек дискілермен осылайша байланысудың нәтижесінде мыналар болады: тірек дискі 20 маховикке қатаң жалғанған, сондықтан ол және бұған бекітілген ашалар қозғал-майтын болады; қысу дискісі маховиктің кертігінде жылжи алады (егер серіппенін, 19 қысымын жеңетін брлса); ажырату муфтасы 13 рычагтар, білікше және аша жүйесі арқылы ажыратқыш рычагтардың 18 сақиналарын күшпен қысса, онда ажыратқыш ры-чагтар ашадағы 18 осьтерде айналып бұралады да, сыртқы ұшта-рымен қысу дискісін серіппелердің 19 қарсылығын жеңіп, махо-

133-сурет. СМД-64 двигателінің ілінісі:

1 — демпфер серіппесі; 2 — жетектегі дискі; 3 — маховик; — кергіш серіппе; 5 — аралық дискі; 5 — қысу дискісі; 7 — кергіш рычаг; — аша; 9 — тоқтатқыш пластина; 10 — ретіеуіш гайка; 11— кергіш рычагтың 7 — серіппесі; 12 — болт; 13 — ажырату муфтасы- 14 — втулка 15 —іліністің білігі; 16 — аша; 17 — гайка; 18 — кергіш рычагтың 7 сақинасы; /9 — серіппе 20 — тірек дискі.

виктен ажыратып тартады: ажыратқыш серіппелер дискілердед ажыратады, бұдан ілініс ажыратылады, себебі дискілер мен махо- вик аралығындағы сырғанау үйкелісінің күші жойылады; махо- виктің (және онымен байланысқан дискілердід 5 пен 6) айналдыру моментін дискілер бере алмайтын болады және бұлар мен білік 15 айналуын тоқтатады.

Іліністі қосу үшін ажыратқыш рычагтарды 7 босату керек. Се-‘І ріппелер 19 дискілерді бір-біріне ж-әңе маховикке қайтадан қыса-» тын болады. ( і

Дұрыс реттелген іліністе сақина 18 мен ажырату муфтасының втулкасы аралығында 3,5^4 мм саңылау болуы керек. Жеке ры- чагтар үшін саңылаулардың айырмашылығы 0,3 мм-ден артпауьи керек. Осы саңылауды тексеру үшін ілініс люгінін қақпағын ашу керек. те иінді білікті қолмен айналдыру керек. Саңылауды реттеу үшін былай істейді; тоқтатқыш пластинаны бекітетін екі болтты 12 бұрап шығарады; гайканы 10 қажетті жаққа бура отырып, керекті саңылау шығарылады. Реттеп болған соң гайканы 10 қайтадан пластинамен қатайтып тастау керек.

Читайте также: