Гиббондар

Гиббондар немесе ұзынқолды маймылдар (НуІоbаtidае) тұқымдасына қолы өте үлкен болатын маймылдардың азғана түрі жатады.

Тік тұрғанда қолдары аяқтарының башбайларына жетеді Құйрығы, ұрт қалтасы болмайды. Жамбас сірісі де нашар жетілген. Адам тәрізді маймылдар сияқты алдыңғы ми сыңарлары өте жақсы жетілген. Олар Оңтүстік-Шығыс Үндістанның Суматра, Ява, Борнео аралдарына тараған. Нағыз орман жануарлары. Алдыңғы алақанымен ағаш бұтағынан ұстап, денесін ерсілі-қарсылы қозғап тұрып, екінші ағашқа секіріп барып ұстауға бейімделген организмдер. Олар көбінесе жерге түсіп, еңбектеп және ептеп тік жүре де алады. Жеміспен және кейбір ағаштың жас бұтағымен қоректенеді. Негізгі өкілі — гиббон хулок (НуІоЬаtеs Һооlосk) болып есептеледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *