Ақшаның металдық теориясы және айналымы

Ақшаның металдық теориясы және айналымы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады.

Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта,
себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып табылды. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі — ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы XIX ғ. екінші жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері (К.Кинс және т.б.) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айыр-басталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді.
Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру- натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы акшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткеңі алтын корының өсімі физикалык тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің (экономикалық бөлінгіштік) жоғалуы т.б. пайда болады.
Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы метталдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақгы экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.
Қазіргі жағдайдағы алтынының негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сактау кұралы ретінде кызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.
Адамзат кұнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін (мал, тері, бақалшақ және т.б.) адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қоладан жасалған пластиналар, кейіннен екі жағында суреті бар 1 және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.
Көпестер классының бөлінумен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета — ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық кұрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.
Монетада бет жағы — аверс, келесі жағы- реверс, кесіндісі — гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды кұны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық кұнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық акша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм — жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм — жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесі.
Осылай, б.э. дейін III—II ғ. Римде мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-1852 жж. аралығында — күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстан да, алтын монеталлизмі 1897 ж. II Николай патша тұсында енгізілді.
Түрікше «акче» сөзі, қазақша «ақша», яғни «ақ» сөзінен күміс монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан жасайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *