Африка түйеқұсы

Африка түйеқұсы
Осы замандағы құстардын, ең ірісі (Strutһіо сатеlиs) деген бір ғана түрге жатады.

Ересек еркектерінің бойынын, биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінід сал-мағы 90кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерің құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.
Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді — далалы аймақтарында кездеседі. Осы түрге жақын түрлері үшінші дәуірде Оңтүстік Азияда, Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Забайкальеде, Солтүстік Қазақстанда, Украинада (далаларда, шөлдерде, саванналарда) тіршілік еткен. Бірнешеуі бірігіп топтанып, жиі өріс ауыстырып отырған. Өте тез жүгіре-ді, жүгіргенде адымы 2—3 метрді алады. Олардың негізгі қорегі — өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кемірушілер, рептилилер, насекомдар болып табылады.
Бұлар әдетте моногамдар. Еркек особьтары шағылысу кезінде, өзінше әрленеді. Ұрғашысы салмағы 1400 г болатын 10—15 жұмыртқа туады. Жұмыртқаны еркегі түнде, ұрғашысы күндіз кезектесіп басады*. Бұл 40 күнге созылады. Жұмыртқадан көзі ашық, мамық жүнді ширақ балапан шығады. Олар тек үш жасында ғана жыныстық жағынан жетіледі.
Бұлардың ақ түсті қанаттары мен құйрық қанаттарын әсемдік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады. Кейбір жерлерде оларды жартылай үй құстары есебінде асырайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *