Алғашқы құрағаққа шыққан өсімдіктер

Алғашқы құрағаққа шыққан өсімдіктер
Палентологияның мөліметтері бойынша, құрғаққа шыққан алғашқы өсімдіктер риниофиттер болған, олар осыдан 400 млн. жылдар бүрын пайда болған. Олардың арғы тегі су өсімдіктері болған, шамасы жоғарғы деңгейде жетілген хара балдырлары типтес өсімдіктер болса керек.

Риниофиттер негізінен батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер болған. Олардың вегетативтік денесі «телом» деп атальшады және ол тек қазба түрінде табылған өсімдіктерге ғана тән. Риниофиттердің вегетативтік денесінің өркенге дейінгі құрылысы, дихотомиялық бұтақтанудан, бүйірлік моноподиальды бұтақтанып өсуге ауысуды көзге оңай елестетуге мүмкіңдік береді. Ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген топтарыңда айқын байқалады .
Теломның жер асты бөлігі бір клеткалы ризоиды бар тамырсабаққа ұқсас болады.
Риниофиттер басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерге бастама берген. Мүк тәрізділердің шығу тегі аяғына дейін толық дәлелденбеген. Ғалымдардың бір тобы оларды риниофиттерден шығарады; ал екінші бір тобы -жасыл балдырлардан шығарады. Соңғы көзқарас біршама көңілге қонарлық. Қалай болғанда да мүк тәрізділер эволюцияның тұйық бұтағы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *