Аккомодациялық аппарат

Аккомодациялық аппарат (лат. accomodatio — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *