Ажыратқыш микроскоп

Ажыратқыш микроскоп — мөлдір тастілім түрінде дайындалған таужыныстар мен минералдардың кұрамын және құрылымы мен бітімін зерттеу мақсатында қолданылатын арнаулы аспап. Микроскоптардың бұл түрі байырғы биологиялық микроскоптан өзгешелеу, себебі оған екі бірдей «Николь призмасы» деп аталатын қосымша жабдықтар енгізілген. Бұл призмаларды әдетте жай ғана «никольдер» деп атайды. Никольдердің алғашқысы ажыратқыш деп аталады, ол тастілім түғырының (микроскоп стөлшесінің) астыңғы жағына орнатылған; екінші, яғни анықтағыш николь микроскоп тубусының ішкі жағына, яғни обьектив пен окулярдың аралығына енгізілген, оны жоғары-төмен қозғау қиындық туғызбайды. Тастілім түғырының өсі микроскоп өсіне дәл келеді, ол сол өстен оп-оңай-ақ айналып түратындай етіп жасақталған. Ажыратқыш призмаға бағытталған байырғы жарықсәулесі есебінен жалғыз ғана жазықтықта тербелген бағдарлы сәуле жасақталады; осы бағдарлы сәуле тастілім кұрамындағы кристалдан өтуі барысында бір-біріне перпендикуляр және әр түрлі жылдамдықтармен қозғалатын екі сәулеге жіктеледі; жекеленген сәулелер анықтағыш призма көмегімен қайтадан бір ғана жазықтықтағы сәулеге айналады да, кристалдың нақтылы ренде ғана арайлануын, яки спектрдің өзге түстерінің толық түтылуын қамтамасыз етеді; әрбір минерал тек өзіне ғана тән арайлану түсімен сипатталады (арайлану түсі, өз кезегінде, жарықтың қосарлану көрсеткішіне тәуелді), сондықтан зерттелмек нысанның осы түсін анықтау оны өзге минералдардан октаулауға яки танымалдауға көмектеседі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *