Австралия түйеқұсы, казуалар

Австралия түйеқұсы, казуалар
Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар.

Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.
Эму туысы (Dгоmісеіиз) біркелкі сұр түсті болүмен және мойны мен басының қауырсындарының болуымен сипатта-лады. Олардын. бойының биіктігі 170 см, салмағы 37—55 кг болады. Бүлардың бір түрі Австралияның шөл, далалы жерлерінде кездеседі. Бұлар топтанып, 4—6-дан бірігіп жүреді. Моногамды, еркегі үяларын жасап, жүмыртқаларын басып, балапандарын шығарумен қатар, оларды ертіп жүріп жауынан қорғап қамқорлық та жасайды. Екінші бір ерек-шелігі еркектері үяның маңына ұрғашыларын жақындатпайды. Бір ұяда 7—16 жұмыртқа болады, инкубация кезеңі орта есеппен 52 күнге созылады. Қоректері негізінен өсімдіктер. Егер оларды дұрыс асырап күтсе, бізде орталық және солтүстік зоопарктерінде көбейеді. Ересектері суыққа төзімді болады. Дымқылды көтере алмайды.
Казуарлар (Саsиагіиs) туысына Жаңа Гвинейға және Авс-тралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олардың жалпы түсі қара, қауырсындары ұзын қылтық сияқты болады. Казуарлар ыстық жақтың ағашты бө-лімдерінде тіршілік етеді. Көбею және қоректенуі негізінен эмура ұқсайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *