Қырқу аппаратын реттеу

Кырқу аппаратының тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін төмендегі көрсеткіштерді жүзеге асырудың маңызы зор: сегменттер мен сау-сақ астары арасындағы жэне қысу табаншалары мен сегменттердің арасындағы саңылаулар қалыпты болуға тиіс, сегмент бұдыр болмауға тиіс; саусақтың саусақ білеуіне бекуі берік болуы керек, шалғы басы бағыттауыш ішінде еркін қозғалуға тиіс.

 

Сегменттер мен саусақ астарларының және қысу табаншалары мен сегменттер арасындағы, 10-параграфта келтірілген, саңылаулар барлық комбайндар мен дестелеуіш жаткалар үшін бірдей болады. Сегменттер астарларға өте тығыз беттессе, екі бөлгіш те жылдам тозады, ал олардын. арасындағы саңылау үлкен болса, әсіресе дымқыл сабақтарды орғанда қырқу жағдайы нашарлайды.

 

Жөндеуден немесе саусақтарды ауыстырғаннан кейін саусақты білеуді жинаган кезде астарлардың жұмыстық беттері жалпы бір жазықтықта жатуға тиіс. Саусақтарды саусақ басына кигізілген кесілген түтікпен ырғап немесе, балғамен жеңіл ұрып түзетеді. Саусақтарды бекітетін болттарды түбіне дейін қатты тарту керек.

 

Үйкелу пластиналарының аралығындағы өзара және саусақ бі-леуінің арасындағы тозған кеміс жердің орнын толтыру үшін рет-теуіш төсемдер салу керек. Осындай аралық төсемді үйкеліс плас-тинаеы мен қысу табаншасының аралығына да қояды.

 

Шалғының бағыттауыш басын 17 (15-сурет) дұрыс орнатудын да зор маңызы бар. Жатка білеуінің сопақша тесіктері болады. Соларды пайдалана отырып бағыттауышқа қажетті қалыпты реттеу керек. Қажет болған жағдайда бағыттауыш пен жатканың алдыңғы білеуінің аралығына реттеуіш төсем салады. Егер қырқу аппараты дұрыс жиналған болса, онда шалғыны оның ішінде қолмен жылжытуға болады.

 

Астарды төмендегідей жолмен алып тастайды: саусақ астына тесігі бар тірек немесе тойтармаға орналған гайканы қояды; те-сікпен тойтарманы ұрьгп шығарады; жаңа төсемді орнына дұрыс- тап орнатады да оның тойтармасының басын жақсылап кеседі.

Сегменттерді ауыстырғаннан кейін шалғы аралығының майыс-пағандығын тексеру керек. Арқалығы майысқан шалғымен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді,

 

 

21-сурет. Күйентенің дұрыс орнатылуын тексеру:-

а — шалғының   ортаңғы   қалпында;   б — шалғы ең

шеткі нүктеде   тұрған қалпында;  1 — күйенте; 2 —

жалғастыру буыны.

 

Жұмыс басталар ал-дында қырқу аппаратың тазалап, саусақтардың беріктігін тексеру қажет, сондай-ақ шалғының саусақтарда еркін қозғалатындығын тексеру керек. Орақ кезінде шалғы сегменттеріне лас заттар жабысып, қырқуды қиындататын жағдай да кездеседі. Оларды жақсарту үшін жұмыс біткеннен кейін, кешке қырқу аппараттарына су құю керек; таңертең жұмыс басталар алдында сегменттер тырмауышпен оңай тазартылады.

 

Қырқу аппараттарын жиналғаннан кейін шалғы шеткі қалыпта тұрғанда саусақ пен сегмент орталарының дәл келуін тексеру керек. Егер олардың дәлдеспеуі 3 миллиметрден артық болса, бұл кемшілік шатунның ұзындығын өзгерту арқылы реттеледі. Оның алдыңғы бөлігі екі рейкадан 14 және сопақ тесіктері бар екі жақтаудан 15 (15-сурет) құралған. Жақтау лар мен рейкалар бір-бірімен тісті беттерімен ілініскен. Шпильканы 22 және болттарды 23, 24 босатқан кезде шатун шыбығымен қосылған жақтауларға рейканы 4 сәйкестендіруге болады. Рейкаларды сопақ тесіктердін, шегінде (40 мм) жылжытуға болады.

 

Шатунның ұзындығын реттегеннен кейін оның кривошиптің ай-налу жазықтығына сәйкес орнатылғандығын яғни шатун жақтау-ларының сфералық орталығы мен күйентенін, дөңгелек болттары-ның дұрыс үйкеліскендігін тексереді. Оны былай іске асырады. Шалғыны ортаңғы қалпында орнатады (21-сурет, а). Болттарды 11, 12 аздан босатады. Жайлап айналдырады. Болттың 12 басы астындары тесік кесекөлденең бағытта сопақша етіліп жасалған. Осының арқасында қисық тұсы түзетіліп, шатун дұрыс қалыпқа келеді, яғни кривошиптік айналыс жазықтығында болады. Болт-тарды 11, 12 осы қалыпта бекітеді.

 

Егер шалғы күйентесі өз орнынан айналған болса, онда ось 19 кронштейн 18 ойығынын, конусына дұрыс бекітілгендігін мұқият-

тексеру керек. Күйенте дұрыс орнатылған болса, қосу звеносы 21-суретте көрсетілген қалыпта болады: шалғы ортаңғы қалпында тұрғанда (а), звено алға қарай 2,5 мм қисаяды, ал шалғы ең шеткі қалыптың біріне ауысқанда (б) звено да сондай мөлшерде кейін қарай жылжиды. Кривошипке берілісті орнатқан кезде топсалардың ашалары 4, 7 жалпы жазықтықта орналасуына көңіл аудару керек. Егер олар әр түрлі жазықтықта болса, кривошипке және басқа да жұмыс органдарына қозғалыс бірқалыпты берілмейді. Шпилькалардың көмегімен жақтауларды 20, 21 өз аралықтары мен күйенте дөңгелектері бастарының арасында дұрыс саңылау жасалғанша қатты тартады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *