Қол күтімі, гигиенасы

Қол күтімі, гигиенасы
Адам өмірінде адамның қолы ерекше роль атқарады, Адамның қолы неше түрліні жасайды ғой. Тіпті адам атом бомбаларын, неше түрлі механизмдерді, автомобильдерді, ұшақтарды, өте күрделі компьютерлерді қолымен жасаған.

Адам қолы сылап-сипап, мәпелеп жас сәбилерді өсіреді. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Бұрын адам төрт аяқтап жүрген, кейін ағаштарға өрмелеп, ағаш басындағы жемістерді алып
жеймін деп адамның қолы жетілген, қолымен бірге тіл шықты. Ақыл-ой дамиды. Адамзат баласы басқа жануарлар дүниесінен бөлініп өте жоғары деңгейге көтеріле түсті.
Адамның қолы әрқашанда ашық, сондықтан да қол күтіміне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Қолдың терісі үнемі жуа бергендіктен шытынап жарылады. Істеген жұмыстан кейін жылы сумен сабындап щетканы пайдаланып жуып отыру керек. Жақсылап сүртіп кептіріп, қолға арналған крем немесе желе жағу керек (крем для рук). Өте кір жұмыстар істеу үшін (үй ішін тазалау, үйдің жанындағы бау-бақшаларда жұмыс істеу үшін қолға перчаткалар киіледі немесе қолды қорғайтын крем жағьш алады. Құрғақ қолды кешке ұйықтардың алдында арнаулы қоректік кремді жаққан дұрыс. Өсімдік майларын қолға жағып отырған жөн. Майлағаннан кейін мақтадан тоқылған жұқа перчатка киіп алған дұрыс. Өте қатты терлейтін қол болса, онда дәрігерге көрінугс болады. Әлсіз сірке қышқылымен қолды жуьш, аздаған ұнтақ сеуіп қойған жөн. Қол қызыл болса, қан айналымы дұрыс болмағаны, адамның қолының ауыратынының белгісі. Оны арнаулы түрде емдеген дұрыс. Ол үшін шөптен жасалған қайнатпамен жуу керек, немесе булау керек. Қолға массаж жасап отыру керек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *