Цитоплазма

Цитоплазма. Химиялық қүрамы өте күрделі қоймалжың келген мөлдір зат. Оның қүрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады.

Жас бактерия клеткаларында цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал ересектерінде клетка шырынына толы куыстар — вакуолялар болады.
Бактериялар цитоплазмасында әр түрлі басқа да заттар бар, Оларға граиулеза, гликогён, волютин, күкірт тағы басқалары жатады. Бүлардың ішінде гранулеза мен глиқоген азотсыз заттар, олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады.’Ал волютин болса, ол азотты зат. Егер бактерия жасаған ортада органикалық азот көзі (аспарагин, пептон) және фосфор қышқылы түздары мол болса, бактерия клеткасыида волютин біраз мөлшерде жиналады. Бакте-риялар клеткасында май да едәуір мөлшерде кездеседі, ол клеткадағы бүкіл қүрғақ заттың 35—50 процентіне тең. Сол сияқты бактерия клеткасында күкіртті де кездестіруге болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт — клетканың қор заттарынын, бірі. Бактерия цито-плазмасында жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында кездесетін амин қышқылдарының барлығы дерлік бар және рибонуклеин (РНК), дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылы да болады. РНК негізінен митохондрийде орналасады. Сонымен бірге ол тотығу-тотықсыздану ферменттеріне де бай келеді. Цитоплазма ішінде бе-лок синтезі — негізінен белок пен рибонуклеин кышқылдарына бай рибосомаларда болып, мезасомаларда органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті энергияға бай аденозин-үшфосфор қышқы-лынық (АТФ) синтезі жүреді.
Цитоплазма — тірі материя. Оньщ қүрамы өне бойы өзгеріп, жаңарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция қүбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта әсеріне ете сезімтал. 60° және одан да жоғары температурада цитоплазма үйиды. Қышқылдар мен сілтілер және түрлі улы заттар оған өте зиянды әсер етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *