Тұлғаның жан- жақтылығы оның адамзат мәдинетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде

Тұлғаның жан- жақтылығы оның адамзат мәдинетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде. Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі.

Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілтен. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.
Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орың алып отырған. Жан — жақты жетілген адам тураты көзқарас әдебиет пен өнер шығармаларында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.
Жан-жақты’ үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып ету керек, яғни тұлғаның екі педагогакалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытталған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақынырақ жетелейтін жарқын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.
Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде батанын жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл—ойын дене бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңынын талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
1.Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.
2.Мектептің, жанұяның педагогикалық процессінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.
З.Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті.
4.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.
5.Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.
6.Ұжымдылққка бағыттау.
Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұғымын жеке тұлғаны жалпы адамзаттық мәдениетке өндіру процесі ретінде, және оның жоғарғы құндылықтар негізінде’ өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.
Тәрбиенің жалпы мақсатьгмен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.
Егер де біз жеке тұлғаны тұтас құрылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де жөне оқудан тыс жұмыста да шешіледі.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:
— педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізілу принципі;
— табиғи жэне әлеуметтік мәдени процесстердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
— жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;
— әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
— тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жакты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершшікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *