Транспорттың арбашық туралы және жатка конструкциясындағы өзгерістер жайлы жалпы мәліметтер

«Нива» және «Колос» комбайндарының кейбіреулері алыс қа-шықтыққа жүріп барған кезде көлбеу корпусы жоқ жаткаларды тасымалдауға арналған арбамен қамтамасыз (шаруашылықтың заказы бойынша) етілуі мүмкін. Жатка корпусы тиелген арбашықты комбайнға немесе доңғалақты тракторға (ДТ-20) тіркейді.

 

Қазіргі комбайндарда жатка корпусын көлбеу корпустан ажырату және қосу едәуір уақыт пен еңбекті қажет етеді. Егер комбайн арбашықпен қамтамасыз етілмесе онда бұл операция салыстырмалы түрде сирек қолданылады. Комплектісіне арбашық кіретін комбайнды эксплуатациялаған кезде жатка корпусы мен көлбеу корпусты тіркеп, ағытумен жиі-жиі айналысуға тура келеді. Бұл операцияны орындауға уақыт пен еңбекті аз мөлшерде жұмсау үшін жатканы жетілдіруге, атап айтқанда оның қосу құрылғысын жылдам ажырайтындай етіп жасауға тура келеді.

 

Егер комбайн шөмелелегішпен жабдықтадған болса, онда 55— 142 арбашығы қолданылады. Егер де шөмелелегіштің орнында ка-пот болса, онда 55—132/4 арбашығы пайдаланылады. Мұндай ар-балардың бір-бірінен тіркеуіш пен электр жабдықтарының құры-лысы жөнінен айырмашылығы бар. Арбашықтың жалпы көрінісі 25-суретте берілген. Оның бір осі және екі қатар 135—254 (5,00— 10) доңғалағы болады. Жүк көтергіштігі 1050 кг. Шиналардағы қысым 2 кгк/см3 (300 кПа).* Арбашықтың ұзындығы (тіркемесіз) 6750 мм, оның ізі 1182 мм, жол саңылауы 205 мм. Арбашықты тасыған кездегі жылдамдық шегі 20 км/сағ.

 

Жетілдірілген жатканың кәдімгі жаткадан мынадай айырма-шылықтары бар.

1. Жатка корпусының көлбеу корпусымен қосылысының орталық топсасы жылдам алынатын етіліп жасалған. Кронштейн 14 (5-сурет) сфералық басы бар конустық саусақпен алмастырылған. Түтіктің 15 сфералық топсасы сфералық ұясы бар орталық тұтқышпен алмастырылған. Тұтқыштың корпусына сақтандырғыш серіппесі бар шаппа тіс бекітілген. Ол топсалы қосылыстың жылдам ағытылуына жағдай жасайды, оның өздігінен ағытылып ке-

Паскаль (Па) — Халықаралық СИ бірлік жүйесіндегі 1 кгк/см2= =98066,5 Па (дөңгелектегенде 100000 Па). Шинадағы немесе гидрожүйедегі қысымды әдетте 100000 Па болатын килопаскальмен (КПа) белгілейді. Гидрожүйедегі қысымды сондай-ақ 1000000 Па болатын мегапаскальмен (МПа) де белгілейді.

 

 

25-сурет. Арбашықтың жалпы көрінісі:

/ — кронштейн; 2 — тутік тәрізді білік; 3 —винт; 4 — гайкалы түтік; 5 — тіреу; 6 және 9 — қапсырмалар; 7 — ұя; 8 —тіркеме буыны 10 — штепсельді аша; 11 және 18— өткізгіш сымдар жиынтығы; 12 — қарсы ілгек; 13 — кұлақша 14 — жалғастырғыш панель 15• артық пышақ; 16 — фонарьлар кронштейні; 17 — қақпақ 19 — шплинт; 21 — артқы фонарь; 22 — бұрылысты көрсететін фонарь; 23 -мост балкасы.

 

26-сурет. Арбашыққа жатканы орнату:

/ —ілмек; 2 және  3 — кронштейндер;   4 — карданды   беріліс;   5—-қапсырма;  5 —топса;  7 — тоқтатқыш винт;  8 — штырь; 9 — аспа; 10 — кронштейн.

 

туін болдырмау үшін қызмет етеді. Топсаны ажырату үшін шаппа тісті білікке орнатылған жабдықтармен ағытады. Бұл білік рычаг арқылы қозғалысқа келтіріледі.

2. Жатка корпусы мен көлбеу корпус арасындағы ауыспалы қалқанша да жылдам ағытылатындай етіліп жасалынған. Қалқан-шаның алдыңғы тұзағының екі жағына қатан, серіппелі шток ор-натылған, ол жатка корпусының кронштейні тесіктеріне кіргізіледі. Әрбір штокты штырьдың көмегімен тұзақтың ішіне өткізуге болады. Жатка корпусы мен көлбеу камера корпусын қосып және ажыратқан кезде ауыспалы қалқанша штангамен түпке қысылып көлбеу камерада қалып қояды. Жатка корпусын көлбеу камерасының корпусынан ажыратқан кезде ауыспалы қалқанша көлбеу камераға тіреледі де, екі бүйірінен шплинттермен бекітіледі.

 

3. Аспа 9 (26-сурет) жиналмалы етіліп жасалған. Осының ар-қасында жатка корпусын теңестіру серіппесінің блотымен ыңғайлы жалғастырылады. Сондай-ақ жатка корпусының көлбеу корпусқа сәйкес қиғашталуы оларды орнатуға бөгет жасамайды.

 

4. Жатка корпусының түтігіне сопақша тесіктері бар крон-штейндер 10 (26-сурет) пісіріліп орнатылған, олар жатка корпу-сының, бекіткіш ілмектерін арбашыққа өткізеді. Жатка корпусының алдыңғы білеуінде осы мақсатпен екі сопақша жиек жасалған.

 

5. Жатка корпусының тік бағыттағы қатаңдығына штырь 8 пісіріліп орнатылған, оған жатка корпусын арбашықпен тасыған кезде карданды беріліс бекітіледі.

 

6. Теңестіру рычагтары кронштейнге бекіткіштер мен штырь арқылы бекітіледі (жетілдірілмеген жаткаларда олар 9-суретте көрсетілгендей болттармен 11 бекітіледі).

 

7. Сонымен қатар тағы да мынадай бірқатар өзгерістер енгізілген: бүйірлік нығыздауыш қалқандар қайта жасалған, гидро-жүйе трубопроводтарының қосылысына ажыратқыш муфта енгізілген, көлбеу корпустың сол жақ тірегіне арнаулы нысана орнатылған, ол орталық топса детальдарынын, сәйкес келуіне мүмкіндік береді, жатка корпусьшың оң бүйіріне артқы фонарьларды бекітетін кронштейннің тіректері пісіріліп бекітілген және т. б.

 

Арбашықтың рамасы құйылған конструкциядан, балкадан 2 тү-рады. Ол құбыр тәрізді көтергіш балкадан 2 (25-сурет), доңға-лақтың цапфалы мостысының балкасынан 23 және екі кронштейн-нен 1 құралған. Көтергіш балка арбашықтың күш алатын тертесі болып табылады. Жатка корпусының құбыр тәрізді балканың ас-тында кронштейннің 1 ұялары 7 және оның алдыңғы білеуінін астында тірегі болады. Жатка арбашыққа төрт ілмек 20 арқылы бекітіледі. Құбыр тәрізді балканың ішінде электропроводтар шу-мағы бар түтік орналасқан. Бұдан басқа, онық қуысында қырқу аппаратының артық пышақтары 15 сақталады.

 

Мостының әрбір балка цапфасының 23 конус тәрізді екі под-

 

 

27-сурет. Тіркемені капоты бар комбайнға орнату;

1 — тіркеме; 2 — қаиыт; 3 — болт.

шипнигіне арнаулы шплинтті гайкамен бекітіліп стакан орналасқан. Стаканда екі фланецті күпшек орнатылған, оның әрқайсысына сәйкес доңғалақтың құрсау шеңбері бекітіледі. Арбашықтың алдыңғы жағында треуіш құрылғы орналасқан, ол тіреуден 5, гайка мен винті бар 3 түтіктерден 4 тұрады. Тіркеме звеносының орналасу биіктігін түтіктер мен 4 винттердің көмегі арқылы реттейді. Жатканы тасымалдаған кезде тірек құрылғысын жинап, түтік тәрізді балкаға бекітеді. Арбашық электрожабдықтарының жүйесіне (25-сурет) төмендегідей құрылғылар кіреді: артқы екі фонарь 21 (ФП-101Б), бұрылысты көрсететін екі фонарь22 (УП-5), кронштейн 16, қақпағы бар жалғастырғыш панель, штепсельдік аша (арбашықта 55—142 екі штепсельдік аша және бір розетка болады).

 

Арбашықты жаткасыз тасымалдаған кезде мына төмендегі ере-желерді ескерген жөн.

1. Арбашық рамасындағы «масса» өткізгіш сымдарының жал-расқан жерлері краска мен майдан тазартылуы тиіс, ал сымдар бекітілуі керек.

2. Арбашық тіркелген комбайн егістікке шығар алдында мұқият тексерілуге тиіс: доңғалақтардың сенімді қатайтылуын, ши-налардағы қысым, артқы фонарьлардың дұрыс жұмыс істеуі тек-серіледі. Егер фонарьлар жұмыс істемесе, онда арбашық тірелген комбайнмен жүруге рұқсат етілмейді.

3. Винт 3 салидолмен майланура тиіс.

4. Орақ аяқталғаннан кейін төмендегідей операциялар орын-далады: арбашықты тазалайды; күпшектен доңғалақтар алынып, қалыпқа қойылады; покрышкалар, камералар және құрсау лента-лары сақтауға тапсырылады; біліктің бұрандалы ұштарын 20 және винтті 3 салидолмен майлау керек; фонарьлардық шумақ сымдарын қосушы каналдан ажыратып, панельді қақпақпен жабу қажет. Артқы фонарьларымен бірге кронштейнді алу керек.

5. Комбайнға арбашықты тіркегеннен кейін тіркеме ойығына тартпа бекіткішінің берік орнатылғандығына көз жеткізу қажет. Содан кейін ғана жолға шығуға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *