Менделеев Клапейрон теңдеуі

Клапейрон теңдеуі Клапейрон – Менделеев теңдеуі – идеал газдың күйін анықтайтын және оның негізгі параметрлерінің (p қысымның, V көлемнің және T абсолют темп-раның) арасындағы байланысты тағайындайтын теңдеу: pV=BT, мұндағы B пропорционалдық коэффициенті – газдың массасы (M) мен молекулалық массасына тәуелді шама. Бұл теңдеуді француз оқымыстысы Б.П.Э. Клапейрон (1799 – 1864) ашқан (1834). Ал 1874 ж. Д.И. Менделеев идеал газдың бір моліне арналған мынадай күй теңдеуін қорытып шығарды: pV=RT, мұндағы R – универсал газ тұрақтысы. Егер газдың молекулалық массасы  болса, онда: pV= = немесе pV= NkT, мұндағы N – газ бөлшектерінің саны, k – Больцман тұрақтысы. Клапейрон теңдеуі Бойль-Мариотт заңын, Гей-Люссак заңын және Авогадро заңын біріктіретін идеал газ күйінің теңдеуі болып табылады. Бұл теңдеудің көмегімен идеал газ қасиетіне жақын келетін реал газдың кейбір қасиеттері зерттеледі.
Пайдаланған әдебиет
Қазақ Энциклопедиясы, 10 — том

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *