Комерциялық банктердің қызметтері мен құрылымы

Комерциялық банктердің қызметтері мен құрылымы. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін — банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өңімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын үсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
— ақылы негізде депозиттерді тарату;
— клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын
жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
• қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе ием-
денушілердің тапсырмалары бойынша
капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
— заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын
шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді,
депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа
да қаржылық міндеттемелерді);
• төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
— ақшалай нысанда орындауды қарастыратын
үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде
міндеттемелерді беру;
• тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
• банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
Коммерциялық банктер 297
— клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды
сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
• коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ
сату құқынсыз (форфейтинг);
• клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік
операцияларды (қаражаттарды қарау және
орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
• банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін
көрсету;
— лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
— экономиканы және халықты несиелендіру
(активтік операциялар);
• қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және
жүргізу;
— инвестициялық қызметті;
— клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *