Комбайнмен егін жинауға қойылатын агротехникалық талаптар

Тікелей комбайнмен жинау. Егінді комбайнмен тікелей жинау жұмысын егін масағыный, 95 проценті толық пісіп жетілген кезде, ал дәннің дымқылдығы 14—17% аралығына жеткенде бастайды. Егінді оруды 15 см шамасында төмен алу керек, ал аласа және жатып қалған егінді 10 сантиметрден асырмай орған жөн. Егер орылатын дақыл арасында екпе шөп болса, онда қырқу биіктігі 20 см болуы мүмкін.

 

Комбайн егістікпен жатка жал қалдырмайтындай етіп жүргі-зілуге тиіс. Ысырапты барынша азайту үшін жатка мен молотилканың жұмыс органдарын жақсы тығыздап реттеу керек.

Сабан шөмелесін дұрыс қатарлап, загонның қысқа жағына па-раллель етіп салу керек. Жинау біткеннен кейін загонды сабаннан тазартқан жөн.

 

Бөлектеп жинау. Ең бірінші бір қалыпты піспейтін дақылдарды (сұлы, тары және т. б.) төгіліп, жапырылуға бейім және арам-шөп басқан дақылдарды бөлектеп жинайды.

Бөлектеп жинауды дәнде құрғақ заттар жиналып болған және қамырланып піскен кезеңінде бастайды. Мысалы, күздік бидайды қамырланып пісу кезінің бірінші жартысында дәннің ылғалдығы 30—40 процентке жеткен кезде жинайды. Жаздық бидайды қа-мырланып пісу кезеңінің орта шенінде жинайды.

 

 

Солтүстік Кавказда, Украинаның оңтүстігінде және Орынбор облысында қамырланып пісу кезеңі 5—8 күнге, ал орталық қара топырақты облыстарда, Сибирь мен Уралда 8—12 күнге созылады.

 

 

Егіннің қамырланып піскендігін төмендегі белгілері арқылы анықтайды: масақ сары немесе қоңырқай түске енеді; дән серпім-ділігін жоғалтады; дән құрамындағы зат сыққанда қабығынан әрең шығады және балауыз тәрізді домаланып, оңай иленеді.

 

Бөлектеп жинауға әсіресе төмендегідей көрсеткіштері бар егіс-тіктер қолайлы: сабақтарыньщ орташа биіктігі 60 сантиметрден төмен емес, бір шаршы метрдегі сабақтарының саны 250—300-ден кем емес егістіктер. Егер егін бітік емес және аласа болса дестелер нашар болып шығады.

 

 

Бөлектеп жинау кезінде, үстінде жатқан дестелерді жел қағып дегдуі үшін аңыздағы ақ сабақ биігірек етіліп (15—25 см) қалды-рылады.

 

 

Дестелердің ені мен қалыңдығы бір қалыпты болуға тиісті. Олардың ең ықғайлы қалыңдығы 20—25 см. Ылғалдығы жоғары аудандарда дестені жұқа етіп салады. Дестедегі масақтар жатканың жүретін бағытына параллель немесе оған аздап бұрыш жасап (10—30°) орналасуға тиіс. Бұл жағдайда масақтар үстіңгі жағында болады. Жақсы түскен десте жицауышқа масақ жағымен тұтас лента сияқты түсіп отырады.

Дестелерді жинауды дәл уақытында бастаудың мацызы зор. Ауа райы жайлы болған кезде дестеде жатқан астық мынадай мерзім ішінде толық пісіп жетіліп құрғайды:

 

 

Солтүстік Қавказда, Төменгі Поволжьеде, РСФСР-діқ оңтүстік облыстарында, УССР-дың оңтүстік және орталық облыстарында 3—4 күн;

 

 

Урал, Сибирь қара топырақты емес аймақта, Солтүстік Қазақ-станда 5—7 күн.

 

 

Қомбайн жұмысының сапасы. Комбайн жұмысының сапалы көрсеткіштері, қалыпты жүктеме жағдайында төмендегіден кем болмауға тиіс:

 

 

а) тік өсіп тұрған егінді жаткамен жинаған кезде жалпы ысырап мөлшері 1 проценттен, ал қалыпты салынған дестені жинағанда — 0,5 проценттен аспауға тиіс;

ә) дәннің ылғалдығы 18 процентке дейінгі егінді жинағанда молотилкадан шала бастырудан және шала сілкуден болатын жалпы ысырап 1,5 проценттен, ал дәннің ылғалдығы 20 процентке дейінгі күріш егісін жинағанда 2 проценттен артпауға тиіс;

4) азық-түлік және мал азықтық дәннін, үгітіліп жармалануы: масақты дақылдарды жинағанда 2 проценттен, жарма және дәнді-бұршақты дақылдарды жинағанда 3 проценттен, ал күрішті жи-нағанда 5 проценттен артпауға тиіс;

в) арам шөбі жоқ, ылғалдығы 18% болатын егінді комбайнмен жинағанда шанақтағы дәннің тазалығы 95 проценттен, ал дес-телерін жинағанда 96 проценттен кем болмауға тиіс.

 

 

ІІ т а р а у.      КОМБАЙНМЕН ЕГІН ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН

МАШИНАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН

ЖҰМЫС ӘРЕКЕТІ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *