Жүзбасы

Жүзбасы, жүзбегі – түркі халықтарында орта ғасырларда қолданылған әскери лауазым; жасақтағы жүз сарбаздың басшысы. Соғыс кезінде әрбір шаңырақтан 1 жауынгер алынатын болғандықтан бейбіт уақытта Жүзбасы жүз үйді басқарған. Осы себептен кейіннен (19 ғ-дың ортасы) Жүзбасы лауазымы әкімшілік сипатқа ие болып, оған жүз үй немесе жүз жауынгер шығара алатындай мөлшердегі халық бағынған. Бұл лауазым түркілерден славяндарға ауысып, 16 ғасырдан бастап казак-орыс жасақтарында да Жүзбасы(сотник) шені болып, ол тек 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін жойылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *