Жатка корпусын-арбашыңпен тасымалдау

Жатка корпусын арбашыққа орнату. Жатка корпусын көлбеу корпустан бөлектеу операциясы және оны арбашыққа орнату ша- мамен төмендегі көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

 

1. Арбашықтың даярлығын (горизонтальді алаңшада алдыңғы жағы солға қаратып орнатылғандығын, кронштейн фонарьларының ажыратылып алынғандығын), берілістер қорабы рычагының бейтарап қалыпқа ауыстырылғандығын және тұрақты тежеуіштің қосылғандығын тексергеннен кейін жатканы шегіне жеткен жоғары көтереді. Карданды берілістің құндағын 4 (26-сурет) көбеу камера қалқанынан бөлшектейді және оны шығарып алады.

2. Жатканың екі жағынан кронштейн үстіндегі 36 рычаг 38 астына (30-сурет) қойылған ломның көмегімен жатка корпусын көтереді. Бұл ретте бекіткіш 35 пен рычагтың 55 тесіктеріні штырьды кіргізуге жағдай жасалуға тиіс (басқа кезде штырь 21 цифрымен белгіленген орында тұрады),

 

3. Комбайнды арбашыққа жатка корпусының тіркемесі ұяның 7 (25-сурет) алдында 70—80 мм қашықтықта, ал кронштейндердің 3 (26-сурет) тесіктері ілгектердін, 1 қарсы алдында болатындай етіп жақындатады. Қырқу аппаратының саусақтарында арбашық кронштейні өтуге тиіс бетіне А белгі жасалған.

 

4. Жатканы арбашыққа түсіргеннен кейін берілістер қорабының рычагын қайтадан бейтарап қалыпқа аударады да тұрақтық тежеуішті қосады. Аспаның екі жағының кронштейндерге 36 (30-сурет) тірелмей тұрғандығына көз жеткізеді. Жатка корпусы іл-мекпен 20 (25-сурет) арбашыққа бекітіледі.

5. Топсаны 6 (2б-сурет) штырыа 8 бекітеді.

6. Аспаның 4, 40 (30-сурет) екі жағын да рычагтан 38 босатады. Ол үшін гайканы 17 шплинттен босатып, оны 1—2 айналым кейін бұрап, планканы 15 босатады, сосын саусақты 18 шығарып алып, аспаны тірекке 5 бекітеді.

7. Гидрожүйе трубопроводтарын ажыратады.

8. Жатка корпусының оң жақтағы бүйіріне фонарь кронштейнін (31-сурет) орнатады,

9. Жылжымалы қалқанды 57 (30-сурет) жатка корпусынан бөлектейді.

10. Орталық сфералық топсаны рычагта 22 ауыстыру арқылы бөлектейді.

11. Тартпаның 12 (28-сурет) көмегімен бекіткішті А ойығынан шығарады және бұрылыс топсасын аралық қалыпқа қояды. Мұны «Нива» комбайны пластинасының ашық тұрған есігінен немесе «Қолос» комбайнының кері жүрісіне арналған айнасынан көруге болады.

12. Комбайнды жатка корпусы бар арбашықтан алыстатып, көлбеу корпусты көтереді, жатка қапсырмасымен 9 (28-сурет) жалғастыру буыны 5 (25-сурет) бір-біріне сәйкес келгенше түзу жүре отырып арбашыққа жақындайды.

13. Берілістер қорабының рычагын бейтарап қалыпқа қойып қол тежеуішті қосқаннан кейін шплинттермен 29 (30-сурет) көлбеу корпустағы жылжымалы қалқанды бекіту керек. Арбашықты комбайн тіркемесіне қосады.

14. Комбайн торабына арбашықтың электр  жүйесін қосады. Арбашықтың тірек құрылғысын транспорттық жағдайға ауысты-рады.

Жатка корпусын көлбеу корпусқа қосу. Арбашыққа қосылған корпусын көлбеу корпусқа қосу жұмысы төмендегідей ретпен жүргізіледі.

1. Жатка корпусы бар арбашық тегіс алаңда тұрғанына көз жеткізу керек. Арбашықтың тірек қүрылғысын жұмыстық қалпына ауыс-тыру керек.

2. Қомбайн мен арбашықтьщ электрторабын ажыратады. Ком-

 

 

30-сурет. Жатканы қосу:

 

1, 22 — кронштейндер; 2 — қалбағайдың сүйеніш түтігі; 3 — түрлі-түсті белгі; 4 және.10- аспалар,  5 — таяныш; 6 — шаппа тіс; 7 — аспаны транспорттық қалыпқа қойғыш; 8 және — 9- шплинттер;   9 — бүйірлік қалқанша; 10 —   косқан кезіндегі бүйірлік калқаншаның штанганың қалпы, 11 және 25 — серіппелер; 13 және 39 штангалар; 14 — тұтқа; /5 — планка 16 — аспанық теңестіру рычагымен қосылысы;    17 — гайка;  18 — саусақ;   19 — косынканың бекітуі; 20, 21 және 31 — штырьлар; 22 — рычаг; 23 — жұдырықша; 24 — шаппа тіс: 26 — тұтқышы; 27 — сфералық басы бар конустық саусақ; 28 — жатканы ажыратқанда жылжымалы қалқаншаның көлбеу корпусқа берілуі, 30 —жаткаға жылжымалы қалқаншаны орнату, 32 —тұзақ; 33 — қалқан; 34 — втулка; 35 — бекіткіш;   36— кронштейн;   37 — жылжымалы қалқанша; 38 — теңестіру рычагы; 41 — нысана.

 

31-сурет. Жаткаға фонарьлар кронштейнін орнату

1 — фонарьлар кронштейні; 2 және 5 —тіректер; 3 — өткізгіш сымдар жиынтығы; 4 — құлақша.

 

байннан жатканы бөлектейді және бұрылыс тартпасын солға қарай ауыстырады (28-сурет).

3. Жатканың бүйірлеріндегі нығыздауыш қалқандарды алады ал олардың штангаларын сырт жағына ауыстырады да, сол қалыпта бекітеді.

4. Гайканы 17 (30-сурет) босаңсытып, шаппа тісті 6 бір жағына қарай ауыстырады.

5. Нысананы 41 жұмыстық қалыпқа ауыстырады. 32-суреттегідей, нысана бұл ретте II қалыпқа түседі.

6. Жатканың жылжымалы қалқаншасыныа штогі ішке қарай ауыстырылып, бекітілгеніне көз жеткізеді. Шплинттерді 29 (ЗО-су- рет) алады. Рычагты 22 қосылу қалпына аударады.

7. Көлбеу корпусты ен, жоғарғы қалыпқа шегіне жеткенше кө- теріп ,жылжьшалы қалқанша жатка корпусының түтігінен өткепше жүріп отырып, жаткаға жақындайды. Көлбеу корпусты төмен түсіріп, нысана түрлі-түсті белгіге 3 дәл келетіндей етіп, содан кейін саусақтың сфералық басы 27 тұтқышқа 26 кіретін есеппен одан әрі жүре түседі.

8. Аспа теңестіргішін карданды берілісті бұрынғы қалпына қояды. Жатка корпусыньщ арбашықтағы бекітулерін босатады. Гидрожүйенің трубопроводтар қосады. Фонарьлар кронштей мен өткізгіш сымдарды жаткадан ажыратады

9. Жатканы жоғарғы шегіне дейін көтеріп, оны арбашықтан ары қарай алып кетеді. Жатканың

 

32-сурет. Нысананы орнату.

сол жақтағы гидроцилиндрін бекіткеннен кейін жылжымалы қалқаншаны сақтандырғыш тірек арқылы бұрынғы қалпына ауыс-тырады. Штырьды 29 (30-сурет) өз қалпына 21 ауыстырып, нығыз-дауыш бүйірлік қалқандарды орнатады. Сол жақтағы гидроцилин-дрді сақтандырғыш тіректен босатады. Арбашыққа фонарьлар кронштейнін орнатады.

10. Арбашықта орналастырылған жатка корпусы көлбеу корпусқа қосылғаннан кейін нысананың қалпын тексеру керек. Ол қалбағай таянышының түтігіндегі түрлі-түсті белгігі 3 жанасуға тйіс.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *