Бұршақ пен фасоль жинау

Бұршақ, фасоль және сол сияқты бұршақ тұқымдас дақылдарды бөлектеп жинау анағұрлым тиімді. Бұл дақылдарды оруға және дестеге салуға әр түрлі машиналар пайдаланылады.

17-параграфта талданған ЖБА-3,5А жаткасы бұршақ тұқымдас дақылдарды жақсы жинайды. Бұл жатканың алым ені дестелерді бір-бірінен қашықтау салуға мүмкіндік береді. Мұның өзі дестені жинап және бастырған кезде комбайнньщ еркін қозғалуына жағдай жасайды.

Бұршақты ПБ-2,1 тетігі бар КС-2,1 шөп машинасымен орғанда, дестелердің ара қашықтығы комбайн өтуге тар болып шығады. Сондықтан дестелерді екі еселеп салу керек. ПБА-4 құрылғысы осы мақсатта пайдаланылады.

СК-4 комбайнының молотилкасын бұршақ бастыру үшін былай жабдықтайды. Жапқышы бар төменгі електің орнына қабыршақты елек орнатады. Дәні ірі дақылдарды жинағанда деканың әрбір екінші шыбығын кесіп алып тастайды. Масақ шнегі мен элеватор-дың өткізгіштік қабілетін арттыру үшін бірқатар жаңа жұлдыз-шалар орнату керек: артқы қарсы жетек білігіне 13 тістінің орнына 15 тісті жұлдызша, сабан сілікіштің артқы иінді білігіне 30 тістінің орнына 32 тісті жұлдызша орнатады. Барабан мен деканың арасына кіре берісте 32—34 мм, шыға берісте 16—18 мм саңылау қояды.

Бірқалыпты піспеген дәнді-бұршақты дақылдарды, сондай-ақ тарыны, қарақұмықты, тұқымдық шөптерді және сол сияқтыларды жинағанда екі мәрте ору тәсілі жиі кездеседі. Бұл жағдайда былай істейді. Молотилканы жоғарыда аталғандай етіп қайта жаб-дықтайды. Сондай-ақ шөмелелегіштің түбі мен артқы клапанын алып тастайды, деканы шегіне дейін төмен түсіреді, ал барабанның айналыс жиілігін біраз азайтады (450—500 айналыс/минутқа дейін жеткізеді). Қомбайнды тікелей жинауға қосады. Пісіп-жетілген дәндер бөлініп шығады да, дән қалдығы бар сабақтар дестеге түседі. 3—5 күн өткеннен кейін дегдіген дестені жинауышпен қайтадан жинап, бастырады. Екінші рет жинағанда шөмелелегішке түптің орнына артқы клапанды салады.

Ылғалы көп аймақтарда бұршақты дестесіз жинау әдісі қолда-нылады. Бұл ретте бұршақты десте салғышсыз жалпақ жол қал-дырып орады. Осының арқасында орылған масса әдеттегі дестеге қарағанда бірңеше күн бұрын кебеді. Қомбайн жаткасына пісіріліп, дәнекерленген жинауыштар орнатады. Олар жал боп жатқан бұршақты жинайды.

Фасольді ЖБА-3,5А жаткасымен ору бәрінен тиімді болып та-былады. Егер ол жоқ болса кәдімгі жаткалар пайдаланылады, бі-рақ бұл ретте аз жылдамдықпен, өте алса ору қажет. Тұқымды бастырған кезде шашпау үшін барабанның айналыс жиілігі өте төмен болуға тиіс.

Фасольді дәндердін, сарғаюы 70 проценттен кем болмаған жаг-дайда ғана дестеге оалады. Бұл ретте алғашқы бір-екі күн күні бойы жұмыс істеуге болады; одан әрі фасольді тек таңертең және кешке ғана оруға тура келеді.

Дестелерді 3—5 күн өткеннен кейін жинайды. Фасольді жинап және бастыру үшін деканың әрбір екінші шыбығын алып тастайды, ал барабанның айналыс жиілігін 400—500 айналыс/минутқа дейін төмендетеді.

Шанақтан түсірілген фасольді шаң-топырақтан тазарту үшін іле-шала веялка-сорттағыштан өткізу қажет. Фасольді СК-4 және СК-5 комбайндарымен жинауға арналып ПФ-8 тетігі шығарылған. Бұл тетікпен жарақталған комбайн:

а) қатар аралығының қашықтығы 45 см фасольдің жақсы түп-тенген сортының сегіз қатарын тікелей жинай алады;

ә) дестелеуіш жаткамен салынған дестені жинай алады;

Тетіктін, құрамына жинауыш, жұлғыш блок, арнаулы дека (ре-зина жалғамасы бар), ауыстырылмалы елек және басқа детальдар кіреді.

XXIV т а р а у. ҚОСЫМША

 

Читайте также: