Cтилистика курсының міндеті және мақсаты
Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Казақ тілі стилистикасынық мәселелері арнайы зерттеу объектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу кұралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған макала-ларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары .жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады.Орыс тіл білімінде стил-истика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл сала—дан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін ‘ атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы “Вопросы языкознания” журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған)
Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функ-циональды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т. б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В. В. Виноградовтың мақаласы жарияланды1. Осы дискуссияцан кейін стилистика мәселелерін зерттеу жұмысы жандана бастады, көп кешікпей стилистика жөнінде еңбектер жарық көрді.
Стилистикадағы негізгі ұғымдардың, бірі — с т и л ь. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің маз-мұны кең, оның жұмсалатын орны көп2. Стиль — Латынша зіуіоз (қазақша — жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “жазу мәнері” деген мағынада қолданылатын болған.
1 В. В. Виноградов. Итоги обсуждения вопросов стилистики “Вопросы языкознания”, 1955, № 1.
2 “Стиль” термині әдебиет тану, бейнелеу өнері, музыка тағы басқа гылым салаларында да кеңінен қолданылады.
Онық осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с т и л ь — сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика — риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Қейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген үғымда қолданылды. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген.
Сөйтіп, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдьщ бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В. Г. Белинский былай дейді: “Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар”1. Белинскийдің пікірінше, тіл енерінін, осы “техникалық жақтары”, яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінін, алғашқы мағыналары казір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білі-мінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.
Стилистика — ен, алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің колданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтьш, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық силоним-дер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады:
1) Айту 1) Мылжыңдау
2) Сөйлеу 2) Көпіру
3) Міңгірлеу 3) Көку
4) Қүмілжу 4) Оттау
5) Мыңқылдау 5) Бөсу. /
Бұл синоним сөздердін. бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық реңдері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес.
1 В. Г. Б е л и н с к и й. Избр. соч., М., 1948, стр. 147.
Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады.
Сойылын соғу,
жыртысын жырту,
шашбауын көтеру
сияқты синонимдес фразеологизмдер біздің тілімізде көп кездеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалык мағыналарынан басқа олардың әр турлі қосымша реңдері болады:
Бұл сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары сөйле, мылжыңда, көпір, көкі болса, ал грамматикалық мағыналары — -ды, -ді арқылы берілген. Сөйледі, көп сөйледі және мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болды деп қолдануда айырмашылықтары жоқ емес. Соңғыларының қосымша реңдері басым сезіледі.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағы-наларынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрес-сивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдщ стильдік сапасы немесе
м ә н е р л і т ә с і л д е р і деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа — тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен син-таксистік қүрылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т. б.
Бұл сөздердің де, жоғарыда келтірілген мысалдардай, эмоцио-нальды-экспрессивті бояуы айқын сезіледі. Осы сөздерге мұндай өң, бояу берш тұрған морфологиялық тұлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес.
Долларшыл топ — соғыс құмар бөспенің,
Тілейміз біз жер бетінен өшкенін.
(“Бейбітшілік даусы”).
Осында соғыс кұмар деген сөздің соғысқор, соғысшыл сияқты әр түрлі реңділікті білдіретін синонимдері бар. Ашушаң, ашуқой, ащуланшақ, ашуланғышдегендердің де синонимдес екенін байқай-мыз. Кейде мұндай рең дамыту тәсілімен де беріледі. Мысалы: кө-гілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк. Морфологиялык тәсілмен берілетін жеке ұғымдарды синтаксистік тәсілмен де түсіндіруге болады. Мысалы
6:
Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүм-кіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай тү-рінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.