XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар

XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар

Мәселенің зерттелу тарихынан. XX ғасыр басындағы бүкіл Ресей империясын қамтыған саяси оқиғалардың Қазақстанға да үлкен ықпалы тиді. Осы тарихи окиғаларға белсенді түрде араласкан Әлихан Бөкейханов 1905 жыл жөнінде «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық ушін қозғалыс тасқыны құрсауына енді», — деп жазды.

Кеңестік тарих ғылымында 1905 — 1907 жылдардағы революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ коғамына тигізген ықпалын талдауда тарихи деректерді белгілі бір даяр теориялық қалыптарға салып сұрыптау, сондай-ақ метрополиядағы оқиғалардың ел өміріне ықпалын асыра бағалау орын алды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресейдегі большевиктер партиясы бастаған пролетарлық қозғалыстың табиғи одақтасы, олай болса, ұлт-азаттық қозғалыстың өз мақсатына жетуі — Ресейдегі пролетариат диктатурасының орнауына тікелей тәуелді-тін. Ал қоғамдық дамуда мешеулік танытқан «түземдіктер» үшін орыс мәдениетінің прогресшіл рөлін тәптіштеп баяндап, қайталап отыру бұл тұжырымның логикалық іиегі болуға тиіс еді.

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа ат салысқан әлеуметтік күштердің орнын ауыстыру, қазақ қоғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрнеу асыра бағалау, осы негізде қисыңсыз теориялық тұжырымдама жасау етек алды. Ал, шын мәнінде, сан жағынан тым аз әрі тап ретінде қалыптасып үлгермеген қазақ жұмысшыларының да, егіншілікке жарамды құнарлы жерінен айырылған қазақ бұқарасының да, қоғамның аз ғана бөлігін құраған муқатты билеуші топтардың да қоғамдық санасын билеген ортақ ой — орыс әкімшілігі орнатқан кұлдық тәртіптен құтылу еді. Соған сәйкес, отарлық езгідегі қазақ қоғамында таптық санадан гөрі үлт- азаттық сананың тезірек пісіп-жетілуіне қолайлы алғышарттар жасалды.

Әрине, метрополияда орын алған терең қоғамдық сілкіністердің қазақ қоғамында ықпалы болғанын жоққа шығару мүмкін емес. Сонымен бірге империяның ішкі губернияларындағы азаттық қозғалыс пен отарлық жағдайынан бастау алатын мұндағы ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы өзара айырмашылықтарды мойындауға тура келеді. Ол айырмашылық метрополия мен үлттық аймақтағы азаттық козғалыстардың көздеген түпкі мақсаттарынан туындайды. Орыс жұмысшы табы мен буржуазиясының, шаруалар бұқарасы мен басқа да демократиялық күштер жүргізген орыс азаттық қозғалысының көздеген мақсаты — феодалдық басыбайлылық жүйенің қалдықтарынан біржола арылып, еркін қоғамдық даму жолына түсу болса, қазақ азаттық қозғалысының басты мақсаты — ұлттық мемлекеттік дербестікті қалпына келтіру арқылы саяси, экономикалық және мәдени өркендеу мүмкіндігіне ие болу еді.

Ғасыр басындағы Түркістандағы жағдайды зерттеген авторлардың бірі Г.Сафаровтың тура көрсетіп жазғанындай мұнда «қанаудағы улттар мен қоныс аудара келген орыс журтының арасында ұлттық теңсіздіктен бастау алатын өзара түсініспеушіліктің қалың қабырғасы тұрды».

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының басым бөлігі, яғни 70%-ы оңтүстік және батыс аймақтарда орналасты. Қазақстанның барлық аймағында қазақ халқының үлес салмағы кеми түсті Қазақ халқының өз еліндегі үлес салмағының кемуіне әсер еткен негізгі жағдай империяның ішкі аудандарынан орыс, украин және басқа үлттар өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударуы еді. Столыпиннің аграрлық реформасы нәтижесінде империяның шет аймактарына қоныс мударғандардың 24,9%, яғни төрттен бір бөлігі (1301 мыңдай адам) Қазақстанға келді. XX ғасырдың басында Қазақстанда татар, үйғыр, өзбек, дүнген, мордва және басқа хальщтардың да өкілдері өмір сүрді.

Қазакстан түрғындарының 90%-ы ауылдық жерде тұрып, мал және егін шаруашылығымен айналысты. 1917 жылға дейін Қазақстандағы қалалардың саны 28-ге жетті. Олардың бесеуі, яғни Шымкент, Әулиеата (Тараз), Түркістан, Перовск (Ақмешіт) жәнө Жаркент көне қалалар санатына жатты, ал қалғандары Ресей құрамына енгеннен кейінгі уақытта қалыптаса бастады. Қала тұрғындарының басым бөлігі орыс, қазақ және татарлар болды.

Қоныстандыру мекемелері қоныс аударушыларға жер телімдерін диярлау барысында мыңдаған қазак кожалыктарын соған дейін иі ерілген суармалы жерінен, жоңышкалықтарынан, бау-бақшаларынан, су жүйелерінен айырым, құнарлылығы нашар басқа жерлерге көшірді. Мемлекеттік Дума депутаты Дзюбинский коңыстандыру мекемелерінің бұл әрекетін жеке отбасыларының меншігін зорлықпен тәркілеу (экспроприациялау) екенін айтып, бұл істің тіпті себебін де міиып көрсетті, яғни суландыру жүйесін салу үшін мемлекеттен көп қаржы шығынын талап ететін жерлерден қашып, егіншілік құруға даяр жергілікті халықтың меншігіндегі жерді тартып алу сияқты жеңіл жолға түсу еді. Қоныс аударушыларға жер телімдері 11 даярлау мен бірге казак қожалықтарын жерге орналастыру, яғни отырықшылык Тұрмысқа көшіру ісімен қатар жүрді. Сондай-ақ үкімет орындары бұл істі үлкен қарқынмен жүргізіп, тезірек аяқтау жолында тұрды.

Ресей үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі (1917 ж. дейін) қазақ жерін отарлау шаралары қазақ даласына үлкен нәубет әкелген болатын. Осы мезгілде 45 млн га егіншілікке жарамды құнарлы жер қазақ әскерінің, орыс және басқа еуропалык қоныс аударушылардың, сондай-ақ мемлекеттің пайдасына өтті. Бұл барлық қазақ жерінің 16%-ға жуығы. 1896—1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 млн-нан астам келімсектер, яғни империяның азиялық бөлігіне қоныс аударушылардың үштен бірі келіп орналасты. Өкінішке орай ішкі Ресейден, Сібірден қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы, белгілі дәрежеде, отарлау саясатының құрбанына айналды, «жайлы мекен, жұмак жер» үшін өзі сияқты басқа жұрт бұқарасын құнарлы жерінен, ата қонысынан айыруға атсалысты.

Егіншілікке жарамды қазак жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының ііайда болуы дөстүрлі казак шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. «Қазіргі уақтта, өкінішке орай, — деп жазды Жетісу қазақтары облыс губернаторы атына жолдаған хатында, — қазақтардың басым көпшіліғінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп-конуға қуаты жок, сондықтан да олар жерге біржола шөкті, ал мұндайларды қазақтар «жатақтар» деп атайды». Мұндай құбылыс барлық қазақ облыстарына тән болатын.

Қазақстанда қалыптаскан жер мөселесі басым түрде зиялылардан тұрған ұлттық саяси топтың қалыптасуына, оның тез жетіліп саяси күшке айналуына түрткі болды. «Жер дауы» оның қызметінің негізгі арқауына айналды.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *