ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төр кінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анық тайды. Тілдің даму барысында сөздер тұр-тұрпаты мен мән мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшыр-ағандығы ай қындалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін туыстас тілдердің, материалдарымен салыстыра отырып ашып, қазіргі қалпына жету үшін қандай даму процестерін өткендігі көрсетіледі.“Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” 1966 жылы жарық көрді. Мұнда 333 сөздің арғы түп-төркіні, ең алғашқы мағынасы түсіндірілген.
Шығу тегі шет тілдік сөздердіқ қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы көрсетілген. Мәселен, ^такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешке болып кет-кендігі түсіндірілген.
Сөздікте реестрге алынган сөзден кейін әдеби шығармалар-дын түрлі нұсқалар-ынан мысалдар кслтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырган. Сөздік мақалаларда әр автордың берген талдауларынан басқа, жеке сөздін этимологиясы жаиында бұрынды соңды антылған зерттсушілердін өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен бірнеше мақалаларды келтірейік:
138
Артель. Содан кейін артель ұйымдасты да, мен мүшесінін біреуі болып кірдім
(С. Мұқанов). Бұл сөз тілімізге орыс тілінен енгенмен, оның төркіні түркі тілдерімен байланысты. А. Г. Преображенский, Н. В. Горяевтардың талдауы бойын-ша, артель сөзі ‘татар тіліндегі ортақ және ел деген дербес сөздерден құралып, “бірлестік, ортақтық” деген мағынаны білдіретін болган1. Басқалардың айтуына карағанда, артель сөзінің түбірі түркі тілдерінлегі орта, орталай, деген сөздерм,ен байланысты2. Сөйтіп, кезінде түркі тілдерінен орыс тіліне кірме сөз ретінде енген артель сөзі казір өзгерілген түрінде, жаңа мағынада түркі тілдеріне кері ауысып, қолданылып жүр. (Н. Қ.).
Барымта. Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С. Мұқанов). Қейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі: туваша — барымдаа — 1) негіз; 2) себеп. Монғолша — баримт1 негіз, дәлел, себеп, ар-гумент; 2) факт, жагдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шығу төркіні “себеп, негіз дәлел, есеп” мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың “негіз, факті, себеп, дәлел” мағынасындағы бармит сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оньвд мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен барымталасу сиякты туынды етістіктер жасалған. (Ж. Б.).
Монша. Біз шақтадан кас қарая шыгып едік, моншаға түсіп шыкқанымызша түн болып кетіпті (Ә. Әбішев) . Монша сөзі орыс тілінің мыться деген сөзінен ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт сл. I — IV.) болып енген. Қазақ тілінің фонетика-лык ерекшеліктеріне сай мунча сөзі монша болып өзгерген. Ұ дыбысы о-га, ч дыбысы ш-ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес татар тілі арқылы орыс тілінен ауысқан сөз (Б. С).
Этимологиялық сөздік — білім салаларының өзара ұштасып қабысуынан талап ететін өте жауапты да қиын жұмыс. Ол туған хал^ымыздың ежелгі тарихын емін-еркін білумен қатар тарихи фонетиканы, грамматиканы, лексиканы да жете білуді талап етеді. Аталған сөздікті жасауда мақсат сөз төркінін іздеушілерге ой салып; бақыт-бағдар сілтеу екендігі даусыз.
Тіліміздегі түбір тұлғасы әзірге онша мәлім емес сөздердің, этимологиясын онан әрі жан-жақты анықтап, толық сөздік шығару — болашақта атқарылатын іс.