Реттік сан есім
Реттік сан есім
Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. 1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6 — қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т. б.
2. Реттік сан есімдер рим цифрмен берілсе, жұрнақтың орнына дефис койылмайды. Мысалы: VI класс оқушылары жиналыста отыр. Біз IV үйде тұрамыз т. б.
3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады т. б.