Кедей Жәнібекұлы
Кедей Жәнібекұлы (1700 – 1768) – би. Ырғыз өңірінде туып-өскен. Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасының шөмекей руынан шыққан. 1748 ж. 5 қазанда Ресей патшайымы Елизаветаның атына Нұралыны хан сайлау жөнінде хат жазған Кіші жүздің игі жақсыларының қатарында Кедей би де болған. Хиуа хандығына барып (1749), Нұралы ханның тапсырмасымен А.Тевкелевпен келіссөздер жүргізген (1750). Кедей би жөнінде дерек тапшы болғанымен, құжат материалдарында оның ақкете Әжібай, Алтай батыр, Жәнібек тархан, Мәмбет аталықтарымен бірге ел ісіне араласып, түйінді мәселелерді шешуге қатысқаны туралы айтылады.
оте дурыс жазылган мендеде кедей атамыз жайлы кітап бар озім осы кедей аталыгынанмын