Жетімдер руы
Жетімдер — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасының көтенші бұтағынан таратылады. Ел аузындағы аңыз бойынша, Жетімдер деп әуелде әкесіз өскен Сұркиік деген жетім баладан тараған Сары, Жаппас, Құба, Тебей ұрпақтары ғана аталған. Кейін бұл атау сапар тобына біріккен руластарына да ауысқан. Сары Жетімдер, 19 ғ-дағы қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда, көне қарлұқтардың саржетім руының бір сілемі. Бұл этноним арғын тайпасының құрамына — саржетім, жалайырға — жетімек, алшынға — саржетім, тамаға — жетімсары түрінде енген. Қоңыратқа жататын Жетімдердің сапар тобындағы Қатаған аталығы да, С.Жүсіпұлының жазуынша, кезінде Ноғай ұлысында болған осы аттас байырғы тайпадан жеткен. Қатаған тайпасы 16 — 17 ғ-лардағы әр түрлі аласапырандардан ыдырап, нәубетке ұшырап, аман қалғаны өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ құрамына сіңген. Сондай-ақ, Сары Жетімдер тобындағы Ырсымбет, Жәдік аталары қарақалпақтың қытай руы құрамында да бір-біріне туыс қауымдар ретінде белгілі. Осы деректер бір жағынан Жетімдер руының түрлі кезеңдерді басынан өткізе жүріп қалыптасқан бірлестік екенін де байқатады. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.
Коп тарихшылар тисе терекке,тимесе бутакка деп айта берменiздер.Жетiмдер руы-о баста жетiм оскен Досымкул деген баланы атап кеткен.Жетiмдер руы Сапар,Сокыр,Косым,Жайма аталары болган.Ал Сары,Тебей,Жаппас,Куба,Жадiк аталары болып болiнген.Казир осы аталардан берi 26 атага буынга келдi.
Конырат тайпасындагы-Жетимдер руынын Катаган атасы туралы айтар болсак.Тарихшылар айтатындай Катаган атамыз ешкандай Катаган кыргынына,Кыргыздын акынына,Каракалпактын руларына мулде катысы жок.Тек аттас гана.Катаган аты тек осы Жетимдер руындагы Сапар бабамыздын баласы Катаган атамыздын аты гана уксас.Сондыктан тарихты жазар алдында сол руды жаксылап зерттениздер!