ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МӘНІ. ӘДЕБИЕТПҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖАНР

Әдеби жанр (французша §епге—тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің, тектері — эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманьщ түрлері — әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, тра-гедия т. б.

Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі—жанр, әдеби шығарма — жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты — жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге — очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге — повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге — роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, ‘сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.

Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өз ара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл күйі, нәзік және терең психологиялық иірімдері суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына — түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.

СөйтІп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде кескін өнерінің үш түрімен салғастыруға да болады: мәселен, эпос — живопись, лирика — орнамент секілді болса, “бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді” (В. Кожинов) екені де рас.

Бірақ бұл жайларға көшпес бұрын арнайы тоқтап, тереңірек толғап, ойлап алуды қажет ететін бірқатар күрделі сыр мен шындық бар.

Ілгерішіл адам баласының көркем дамуындағы қандай құбылыс болмасын, соның ішінде әдеби творчествоның қандай категориясы болмасын, бәрі бір ғана түрғыдан, атап айтқанда, мығым тарихи тұрғыдан қаралуға тиіс. Ендеше, жанр мәселесін тексерудегі негізгі принцип те сол — и с т о р и з м.

Сөз жоқ, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау шарт. Алайда бұл— аз. Бұдан бұрын, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипат һәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу проце- сі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды.

Айталық, “Соғыс және бейбітшілік”. Күллі адам баласының көркемдік даму тарихыңдағы айрықша адым болып табылатын осынау орыс әдеби-етінің ұлы құбылысын жасау үстінде Лев Толстойды билеген мақсат пен мұрат жанр “құпияларынан” гөрі басқа болатын.

— “Соғыс және бейбітшілік” деген не? — дейді Лев Толстой.— Бұл роман емес, әсіресе поэма емес, әсіресе тарихи хроника емес. Автор өзі қалаған пішінде нені айтқысы келді және нені айтты, “Соғыс және бейбітшілік” — сол.

Бұл не деген сөз?

Бұл — әдебиеттегі кез келген пішін “автор айтқысы келген” ‘Мазмұннан туады, яки әдебиеттегі кез келген пішін — мазмұнды пішін деген сөз.

Әдебиет теориясында пішін (форма) бар да, т ү р (вид) бар. Дәлірек айтқанда, әдебиеттің төктері (эпос, лирика, драма) бар да, т ү р л е р і (роман, поэма, трагедия т. б.) бар. Тек те, түр де ж а н р деген ұғыммен, яғни жанр жәяе жанрлық түрмен мәндес. Осылардың бәрін тиянақты тарихи тұрғыдан, қатал историзм принципінен танып түсіну, бір жагынан, жалпы творчестволық

процесс мәселесін қозғау болса, екінші жағынан, нақты мазмұнды түр мәселесін талдау болып табылады. Жанр эселесі осылай пайымдалғанда ғана ғылми-зерттеу жемісті болмақ.

Әдеби даму да бір — ағысты өзен: шымырлап өнген ,айнар көзі, яки мөлдір бастауы, оған жалғас толқынды арнасы, одан әрі құяр сағасы бар. Халық өмірінің өзі, оның тарихи тағдырлары, оқиғалар мен құбылыстар, кайшылықтар мен тартыстар, қоғамдық қарым-қатынастар мен қарама-қарсылықтар, адамның рухани бітімі, моральдық кескіні, қысқасы, ақикат шындықтың алуан-алуан саласы әдебиеттің, тегін туғызады, қалыптастырады. Ендеше, қандай да болмасын, әдебиеттің тегі, тектің түрлері— ақиқат шындықтын, өз қажетінен туған “арналы тасқындар” екені даусыз. Бұлардың бәрін жалпы алып қарасақ, біз орасан күрделі тарихи процеске кездесеміз; ал әрқайсысын жеке тексере қалсақ, әрбір әдеби түрдің туу, қалыптасу тарихы, бәрінен бұрын, мазмұнды түрдің даму жолдары бар екенін байқаймыз.

Бір жолы Л. Толстой “Плутон” туралы былай деген еді: “Аристофан комедиясының қатъшасушылары — Байлық пен Қедейлік. Өзінің, қажет-тілігін дәлелдеген Қедейліктің әңгімесі ғасырдағы грек үшін өте жақсы; бірақ біз үшін… оның мағынасы ғана жоқ емес, тіпті осындай қатынасушы-лардың, өздері атымен жоқ. Мұндай кейіп-теу жасалған заттың өзі әлде-қашан адыра қалған”*. Шынында да, солай емес пе? Көне дүние комедия-сында көрінген көркем бейнелердің көбі немесе көне дүние комедиясында суреттелген шындық құбылыстардың талайы қазір адам нанғысыз; ондай бейне мен шындық қазір жоқ немесе жоғалып барады. Бірақ комедия жанр ретінде, яки белгілі мазмұн қалыптастырған түр ретінде бар және бола бермек.

Бұл арада ескеретін нәрсе — әр жанрдың, әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұшың ұланғайыр құбылулары — пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жайлы сөз қозғағанда, міне, дәл осы құбы-луларды әрқашан есте ұстап отыру шарт. Сонда біз жанр жайын байыптау-ға әшейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келеміз де, әшейін сыртқы белгілері мен өзгешеліктерін жіпке тізіп тынбай, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, төксеретін боламыз.

* Л. Н. Толстой әдебиет туралы, М, 1955, 130 бет

Сонда біз әдеби түрді, яки әр жанрдың өзіне тән пішіні сыртқы жамыл-ғы ретінде емес, қатайған мазмұн ретінд, түсінетін боламыз.

Өнер өмірден туады. Ал өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын. Ендеше, өмірден туған өнер де күрделі, әр алуан, қиын. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Демек, бұлардың әрқайсысының терминдік тарихын білу мүлде жеткіліксіз; тегің төксеріп, табиғатын тереңірек тану; туу, қалыптасу, даму тарихын талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым соң. да ғана шын мәніндегі ғылми сипатта болмақ.

Әрбір ә д е б и ш ы ғ а р м а — б е л г і л і д ә у і р. д е г і қ о ғ а м д ы қ ш ы н д ы қ т ы ң с ә у л е с і.

Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Олай болса, әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері- ұқсас болғанмен. Шекспир трагедиясы Әуезов жазған трагедиядан, Бальзак романы Мүсірепов романыңан, Абай поэзиясы Мұқанов поэзиясынаи өзге екені даусыз. Мұны да историзм принципінен қарағанда ғана аңғарамыз. Міне, осы өзгешеліктерді ажырату әрекетінің өзі жанр мәселесін тарихи тұрғыдан толғауға әкеледі.

Әдеби шығарманың өзгешелігін осылайша тарихи тұрғыдан пайымдай тұра, қай дәуірде жазылмасын, қандай қоғамдық шындықтан тумасын бәрібір, тектес туындыларда адам өмірін бейнелеу жағынан заңды ұқсас-тық, композициялық құрылым жағынан бірлік болатынын тағы есікеру қа-жет:л и р и к а ж е к е б а с қ а т ә н с а н и і р і м с е з і м г е қ ұ ры л с а, э п о с а д а м ө м і р і н і ң к е з е ң — к е з е ң і н е к е ң і р е к қ а н а т ж а я д ы д а, д р а м а н а қ т ы қ и м ы л- ә р е к е т т е н ө р б і п, ө р і с- т е й д і. Мұны ескеру зерттеудегі историзмді жоққа шығармайды, жанр мәселесін неғұрлым байсалды, терең және жан-жақты талдауға, әрбір әдеби түрдің өз ара өзгешелігімен қатар, бірлігін де жіті тануға мегзейді. Әдөбиеттің тектері мен түрлерін тексеруге осы жолмен ‘барған жөн.

Сөйтіп, өмірдің ең негізгі заңдарының бірі — оның толассыз дамуы десек, бұл заң өнерге де, соның ішінде сөз өнеріне де тән. Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта

болып отырады. Әдеби процесс дегеніміздін, өзі —осы.

Көркемдік дамудың әдеби процестен танылатын құбылыстары алуан-алуан: бірін әдеби шығарманың тақырыбынан аңғарсақ, бірін идеясынан, енді бірін адам -разынан аңғарамыз. Әдеби жанрлар тағдыры да осы құбылыстарға тығыз байланысты. Мұның, егжей-тегжейін күллі әдеби құбылыстарды тарихи тұрғыдан топшылау, талдау арқылы ғана білуге болады.

Мысалға Махамбет өлеңдерін алайық. Бөкей -сындағы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі — өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ өмірінде болған құбылыс та, Махамбет поэзиясын өмірге әкелген фактор — дәл осы тарихи жағдай. Мұны да қатал историзм принципінен танып, білеміз. Қазақ әдебиетінің ол тұстағы өрбу дәрежесіне лайық жанр атаулыдан қолда бары және өзіне тән өзгешеліктерімен өсіп-дамығаны — эпостың жекелеген түрлері мен лириканың қайсыбір категориялары ғана. Бұл шындық Махамбет өлеңдерінің жанрлық сипаттарын белгіледі. Махамбет шығармаларының бүкіл жанрлық ерекшеліктерін, мазмұны мен пішінін, күллі ақындық машығын, өршіл романтизмін, айрықша пафосын — бәрін де жоғарыда көрсетілген шеуші жайтқа байланыстыра байыптаймыз, Мүбәдә историзм принципінен ауытқыған жағдайда бұл айтылғандардың бірін де анықтай алмаған болар едік.

Демек, жанрлық жай-күйдің бәрін тек қана тарих аясында, халық өмірімен тығыз байланыстыра, барлық әдеби дамумен бір арнада тексеру шарт.

Ж а н р — д а м у ү с т і нд е г і ұ ғ ы м. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттін, ұлттық сыр-си-патымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына байланысты. Мольер мен Мүсірепов пьесаларынан көп-көп жанрлық ұқсастықтар көре түра жер мен көктей айырмашылықтар байқау себебіміз де сондықтан.

Ж а н р л ы қ д а м у д ы ң ө з і — тірі пр о ц е с с. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады… Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.

Ж а н р—н а қ т ы т а р и х и т ү р. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Бұл тегін емес.

Дуние жүзілік әдеби дамуға көз салсак, абсолютизм дәуірінде ода өріс алса, кертартпа буржуазия тұсында мещандық драма, капитализм кезінде шыншыл роман туа бастағанын көреміз. Мұны да тегіннен-тегін деуге болмайды.

Ақыр аяғында, әрбір көркем шырарманың барлық жанрлық ерекшелік-тері сол шығарманы жазған автордың қаламгерлік ерекшеліктеріне тәуелді екенін ескеру керек. Мысалы, роман жазған жазушының бәрі бұд жанрдың белгілі ережесімен жазып, жалғыз аяқ соқпағымен жүріп отырады деуге болмайды; әр роман әр автордың қалауынша жазылады да, ол жалпы осы жанрға бұрын-соңды ешкім енгізбеген өзіндік өзгешелігін енгізеді. Демек, әр жанрдың айрықша қасиеті жалпы долбармен емес, нақты жағдайда, нақты көркем туындыға негізделе дәлелденуге тиіс.

Көркем творчество жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден-бір сипат атам заманғы поэтикалық с и н к р е т и з м болғаны мәлім. Синкретизмде жанрлык сипаттар жапатармағай қосылып жатты. Мәселен, баяғы бір топ адам қосыла әндететін хорлардың мазмұнында кейде жекелеген оқиғалар (эпосқа тән сипат) жатса, кейде әншілердің өз бастарындағы күйініш-сүйініштер (лирикаға тән сипат) араласып, кейде ән бастаушы мен қоштаушылар арасындағы диалогтар (драмаға тән сипат) кездесіп қалатын. Осылардың бәріне қоса, хорға адамдардың дене қимылдары, бет құбылыстары, билері араласатын да, өнерге қолма-қол сахналық сипат беретін. Келе-келе синкретизм жо-йылды да, өнердін дара-дара жаңа түрлері шықты. Бір поэзияның өзі талай түрге бөлінді. Ол түрлер ғасырдан-ғасырға өзгеріп, құбылып, ескісі жоғалып, жаңасы туып отырды. Дәл осындай тірі процесс — жанр табиғатындағы бұрыннан болған, бар және бола беретін заңдылык. Жанр табиғатын зерттеуге, міне, осы заңдылық тұрғысынан келеміз.

Читайте также: