Әдебиеттің қоғамдағы мәні

Әдебиеттің қоғамдағы мәні. Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам құбылыс-тарының заңын ашатын, мәнін түсіндіретін — ғылым, теория. Бұған дау жоқ.

Алайда В. И. Ленин Гетенің «Теория, достым, сұрғылттау ғой, ал өмірдің мәңгі-бақи гүл’ атқан өз терегінің түрі жап-жасыл» деген қанатты сөзін көп айтады екен. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне, дәл осы арада келеді де, шындықты дәлелдейтін
ғылыммен қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиет те өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды.
Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болмасын, ол оқырманға бұрын бей-мәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын-соңды беймәлім дұниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ.
Айталық, Бальзак. Оның атақты «Адам әжуасы» — өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы француз қоғамының көркем тарихы мен сырлы шежіресі. «Адам әжуасындағы» мыңдаған адамдар тағдыры, тартысы, ара қатынасы арқылы Бальзак капитализмнің адам айтқысыз қорқаулығын, алтынның аздырғыш күшін, ақшаның адамды аңға айналдырар сұмдығын, сайып келгенде, буржуазияның бұзық та бүлдіргіш табиғатын тасқа таңба басқандай танытады. Бальзак «Адам әжуасының» алғы сөзінде өзін француз қоғамының «талай тарихшылар ұмыт қалдырған мінез-құлық тарихын» жазатын хатшысымын деп есептесе, Энгельс оның романдар циклін буржуазия тарихшыларының «ғылми еңбегіне» қарама-қарсы қойып, «француз қоғамының нағыз тамаша реалистік тарихы» осы деп бағалайды. Бұған Маркстің өткен ғасырдағы ағылшын жазушылары туралы — олар өз шығармаларында «дүние жүзіне күллі саясатшылардың, публицистер мен моралистердің бәрі жабылып танытқанынан әлдеқайда көп саяси және әлеуметтік ақиқаттар ашып (берді» деген пікірі сайма-сай келеді.
Мұның бәрі көркем әдебиеттің өмір танытудағы маңызын дәлелдейді.
1958 жылы Ташкентте өткен Азия мен Африка жазушыларының тұңғыш конференциясында біз камерун жазушысы Бенжамен Матиптің Мұқтар Әуезовпен дидарласып, кеңескеніне куә болдық.
— Мен қазақтар жайлы бұрын еш нәрсе естіп-білген емес едім,— деді ол — Ал қазір мен оларды білемін, тіпті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұқтар Әуезовтің керемет кітабын оқыдым. Мен тамаша адам — қазақ халқының ақыны Абаймен таныс-тым, оның сүйген қыздары — Тоғжанмен, Әйгерім-мен, оның абзал достарымен таныстым. Мен оларды жақсы көрдім, бейне ұзақ жыл бірге тұрып, қайғы-
қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы көрдім. Солармен бірге тіпті Сіздің дарқан даланын, тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Айтты-айтпады, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой!
Көркем шығарма адамға өмірді, міне, осылай танытады; таныта тұра, адамды тәрбиелейді. Бұл арадан келіп әдебиеттін, қоғам өміріндегі тағы бір тамаша маңы-зы шығады.
Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. Әдебиет шежіресіне қарап отырсақ, мысалы, Чернышевскийдің «Не істеу керегін» оқыған оның замандастары роман геройларына еліктеп, әр алуан коммуналар құрыпты. Ал болғар халқының көсемі Г. Дмитров егер Рахметовтың үлгі-өнегесі болмаса, өзінің революционер болуы да қиын екенін жазған.
Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықтысында» Павка Корчагинге Лилиан Войничтің «Бөгелек» романы қалай әсер еткені суреттелетін. Ал Корчагиннің оқушы қауымға өз әсері қандай десеңізші!..
Отан соғысының майдандарында болған қазақ жауынгерлерінің қойынында Махамбет Өтемісовтің өлеңдері, Сәбит Мұқановтың «Ботакөз» романы жүргенін күнделікті баспасөз беттерінен талай оқыдық.
Осының бәрі көркем әдебиеттін, тәрбиелік мәнін дәлелдейді. Бірақ оның таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де тағы бір орасан күрделі әрі шешуші сырына негізделген. Ол — көркем әдебиеттің эстетикалық мәні. Енді соған тоқталайық.
Өнерге, өнердің, бір түрі — әдебиетке әркім өзінше анықтама берген. Біреулер оны — «шындықты сәулелендіру» десе, біреулер — «идеалдар жасау», тағы біреу-лер — «бір адамның, сезімін екінші адамға ауыстыру» деген. Бұл ұғымдардың қай-қайсысында да белгілі дәрежеде шындық бар, бірақ толық тұжырым жоқ.
Қөркем әдебиеттін, құдіретті күшін, яки оның өмір таныту, адам тәрбиелеу жайын ғана емес, күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетика-лық табиғатын тану қажет.
Жә, эстетика деген не?
«Маркстік-лениндік эстетиканың негіздерін» ашып қарасақ, мынадай анықтама бар: «Эстетика дегеніміз — адамның шындыққа эстетикалық қарым-қатынасының жалпы даму заңдылығын әсіресе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылми пән. Басқа сөзбен айтсақ, эстетика адамның шындыққа жалпы эс-тетикалыіқ қарым-қатынаеын әсіресе оның жоғарғы түрі боп табылатын өнерді зерттейді» *. Одан әрі кітаптың авторлары «эстетика — қоғамдық ғылым» екенін, эстетиканың философиямен байланысын жазады.
Дұрысын айтсақ, жоғарғы анықтама ұғымға тым ауыр, бұған қарап эстетиканы қолға ұстағандай дәйекті түсіне қою қиын. Ал енді өнердің не әдебирттің эстетика-лық мәнін қайтіп дәл, ұтымды түсінуге болады?
Глеб Успенскийдің «Тез» ** деген әңгімесі бар. Мұнда шын мағынасындағы өнер түындысының адамға әсері, адамның, көкірегіне күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, рухтандырар ғаламат эстетикалық күші, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу мен майысу атаулыны тура тезге салғандай түзеп, тіктеп жіберер «магиялық» қасиеті соншалық нәзік, терең және сұлу суреттелген. ‘
Ауыр тұрмыс еңсесін түсіріп, еркін алып, бар тағдыры «умашталған қолғаптай» бір уыс болған бір Тяпушкин дейтін бейшара мұғалім өзінің бай қожайындарымен бірге Парижге сапар шегіп барып, бір күні таңертең бойы дел-сал, басы мең-зең шаршаған қалпы, өздері жатқан мейманханадан шығады да, бет алды сенделіп жүріп, ойда жоқта Луврға кіріп, әлемге әйгілі Милос Венерасының қарсы алдында қалай қалшиып тұрғанын өзі : аңғармай қалады:
Музейге кірген бетте… түк те түсінгенім жок, тек шаршағанымды ғана сездім, құлағым шулады, шекем зіркілдеді, содан соң кенет тағы да аң-таң, неге екенін тағы да түсінбеймін, әдеттен тыс ақыл жетпес бір ғаламат әсермен Милос Венерасының маңдай алдына кеп тоқтағаным бар емес пе… оған қараймын да, өзіме өзім: «Маған «не болған, маған не болған?» — деп күбірлей беремін. Ә дегеннен, статуяны көрген сәттен өзімнен өзімнің сұрағаным осы болды, өйткені дәл осы мезеттен өзімнің үлкен қуанышқа кез болғанымды сездім… Осынау тас жұмбаққа көз алмай қарап тұрып, өзімнің, осы
халге қалай түскенімді іздеумен болдым Бұ не, бұл? Менің мынау мығым, сарабдал, шат бітімімнің кұпиясы қайда, себебі неде, қайтіп түстім бұл күйге’ Қой, мынау тас мүсіннің адам жанын құлпырту құпиясын түсіндірер сөз адам тілінде жоқ шығар
Бұл үзіндіде автордың «құпия» деп отырғаны — адамның өнер туындысынан алар эстетикалық әсері. Осындай жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер жоқ жерде шынмағына сындағы өнер туындысы да болмағаны деп білу керек.
Көркем әдебиеттің адам өміріндегі мәнін сөз еткенде, бір бөлегі дүниеге көз-қарасына, бір бөлегі — мінезіне, бір бөлегі — талғамына ықпал жасайды деп, бет алды бұтарлау — қате. Әдеби шығарма адамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурайдьг қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді.. Қысқасы, адамның көңіл күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл — әдеби шығарманың эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
Успенский әңгімесіндегі Тяпушкиннің Милос Венерасын көргенде душар болған әлгі бір жан тебіренісінде өнер туындысына тән күллі қасиет — оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы түгел сиып тұр. Осы әсерінің үстінде Тяпушкин ғаламат сұлу сезімге бөленді, өзі бұрын-соңды білмеген жаңалық ашты, сыр ұқты, дүние таныды, сол арқылы өзінің адамдық болмысын тәрбиеледі Тяпушкин «тас құпиядан» жер үстінде адам болу қандай бақыт екенін ұқты; сөйтті де, еңсесін көте-ріп, бойьш тіктеп, көңіл күйін көлдей шалқытып шыға келді. Шын өнер мен адам арасындағы қарым-қатынас осындай
Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *