Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген.

Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.
Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-несие институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі ескеріледі.
Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.
Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.
Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.
Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.
¥ëттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен операциялар жасайды.
Ол статистикалық валюталық операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады.
Ұлттық банк валюталық құндылықтармен төмендегідей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
262 Ақша, несие, банктер
— шетел валютасын сату жәңе сатып алу;
• қазыналық вексельдер мен және т.б. шетел
үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық
қаржы ұйымдар мен шығарылған бағалы қағаздармен
операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып
алуға;
• алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен
халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл
тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз
етуге;
• алтынды және басқа да қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы
аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген валюталық реттеу және валюталық бақылау аясында басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.
Ұлттық банк мынадай алтын валюталық резервтерді құру мен басқаруға тікелей қатысады:
— алтың және басқа да қьшбат бағалы металдар;
• шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк
қаражаттары түріндегі шетел валютасы;
— Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар;
• кез келген халықаралық деңгейдегі белгілі резервтік активтер;
• аудармалы вексельдер, жай және қазыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;
• басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілетгілігі сақтандырылғанда;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *