Ұлттық банк

Ұлттық банк. Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.

Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы » Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк — ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне — банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлтгық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
— оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе
мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
— бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе
қатысуынсыз); .
• Орталык банкінің қызметін бірігіп аткаратың тәуелсіз
банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет — жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор -ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті — Қазақстан Республикасының ұлтгық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Реепубликасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
• Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік
есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
• ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
• банктік және баеқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттык банкі жұмысының негізгі бағыттары:
— елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;
— өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді
инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
— халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу
және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша
ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік
актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп
жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
• банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің
әдістерінің формаларын талдау;
— банк ісін бақылау және қадағалау;
— елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
— ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
• валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
¥ëттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
— меншікті қаражаттары;
• басқа банктермен тартылған және келісім-шарт
негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай
қаражаттар;
— Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған
қаражаттар;
• мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің
уақытша бос қаражаттарынан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *