Үстеудің емлесі

Үстеудің емлесі
1. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, кейін, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай т. б.

2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым т. б. сөздер осылай айтылуынша жазылады. Бұлар: бұл + күн, бұл + йыл, қыстың + куні, жаздың + куні, ендігіден + әрі, ана + құрылым деген сөздерден біріккен.
Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бірғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сынарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
106

3. Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-туні (істеді) т. б.
4. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сынары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т. б.

Читайте также:

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *