Үндестік заңы

Үндестік заңы
Қазақ тілінде сөз кұрамында не сөз аралығында дыбыстар бір-біріне үннің, дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай әсер етіп тұрады.

Мысалы: Жастықта еңбек ету қандай қызық (Байғанин) деген сөйлем Жастықта еңбег ету қандай ғызық болып айтылады: еңбек сөзіндегі соңғы қатаң к дыбысы келесі сөздін бірінші дыбысы е дауысты болғандықтан ұяңданып, г болып естіледі; қызық сөзінің алғашқы қатаң қ дыбысы алдындағы сөздің соңғы дыбысы й үнді (сонор) дыбыстың әсерінен ұяңданып, ғ болып айтылады. Сондай-ақ жастықта деген сөздегі -тық жұрнағы сөздің соңғы дыбысы с қатаң болғандықтан, қатаңнан басталып (-дық немесе -лық емес), бір буынды сөздің өзі жуан болғандықтан, қосымша да жуан болып (-тік емес) жалғанған; келесі жатыс септік жалғауы да, біріншіден, сөз қатаң қ дыбысына (жастық) аякталғандықтан, қатаң дыбыстан басталатын -та (-да емес) болып, екіншіден, соңғы буын жуан болғандықтан (жас-тық), жуан буынды -та (-те емес) болып жалғанған.
Сөйтіп, түбір мен қосымшанын жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды.
Әдетте дауысты дыбыс дауысты дыбысқа және дауысты немесе дауыссыз дыбыс дауыссыз дыбысқа әсер етеді. Қандай дыбысқа (дауысты ма, дауыссыз ба) әсер етуге байланысты үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі және дыбыс үндестігі (ассимиляция).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *