Құйрықты амфибилерд (қос мекенділер)

Құйрықты амфибилерд (қос мекенділер)
Құйрықты амфибилерд (қос мекенділер) денесі бас, дене және құйрык бө-лімдеріне бөлінген. Құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен қысыңқы болып келеді.

Қейбіреулерінің құйрығының үстіңгі жағында жал сияқты тері қатпары болады. Көбінің аяқтары жақсы дамыған. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Кейбір түрлерінің (сирендердің) артқы аяқтары бол-майды.
Омыртқалары амфицельді, немесе опистоцельді болады. Дене омыртқаларына қабырға жоралғылары бекиді. Құйрықсыздарға қарағанда бұлардың бас сүйектері айқын жіктелген. Маңдай және төбе сүйектері бірігіп кетпеген, бір пар сына тәрізді көз сүйектері болады. Бұғана сүйегі болмайды. Құйрықсыздан айырмашылығы кәрі жілік пен асықты жілік екі сүйектен (шыбық, шынтақ, асықты жілік және шыбығынан) тұрады.
Қан айналу системасы қарапайым құрылған. Тек қана жоғарғы сатыдағы кұйрықтылардың жүрекшесі толық пердемен бөлінген. Қолқаның төрт шеңбері де болады. Артқы қуыс венасының сақталуымен қатар, кардинал веналары да сақталған. Кейбіреулерінде желбезек өмір бойы сақталады. Көпшіліктерінде сыртқы, ал біраз ғана түрлерінде ішкі желбезек болады, терісі арқылы тыныс алуы басым болады.
Дабыл қуысы мен дабыл жарғағы болмайды. Көптеген кұйрықтылардың амфибидің басқа отрядтарына қарағанда бүйір сызық органдары өмір бойы сақталады. Көздері тіршілік ететін ортасына қарай түрліше дамыған. Суда болатындарында қозғалмалы кабағы болмайды.
Көпшілігінің ұрықтануы іште орындалады. Ұрықтанған уыл-дырықтарын салу, личинка, немесе тірі туу арқылы көбейеді. Бірқатар түрлерінің личинка кезінде де көбеюге қабілеті болады. Мұны неотения құбылысы. деп атайды. Құйрықтылардың қазір 230-ға жуық түрлері белгілі.
Саламандралар тұқымдасы (Sаlаmапdігіdіае). Дене пішіндері кесірткелерге ұқсайды. Ұзын құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен кысыңқылау келеді. Аяқтары жақсырақ дамыған. Личинкалары сыртқы желбезекпен тыныс алады. ал ересектерінде желбезек болмайды — өкпесі және терісі арқылы тыныс алады.
Бұл тұқымдасқа Европада, Қавказда, Сибирьде және Орта Азияның кейбір жерлерінде таралған тритондар жатады. Өкілдері: жалды тритон, кәдімгі тритон. Бұлар жаз кезінде, шағын ақпайтын, немесе жай ағатын азды-көпті өсімдігі бар суларды мекендейді. Көбеюі мен личинкаларының дамуы су қоймаларында өтеді. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астында қыстап шығады. Көктемде, қар кете бастағанда қайтадан су қоймаларына оралады. Жануар текті заттармен коректенеді.
Кәдімгі саламандралардыц (Sаlаmаndга) бірнеше түрлері Орта және Оңтүстік Европа, Батыс Кавказда, Кіші Азияда жә-не Солтүстік Африкада таралған. Саламандралар негізінен: денесі үлкен, икемсіз, құйрық үстінде тері қатпары жоқ, әдетте теңбіл түсті болады. Тецбіл, немесе отты саламандра (S. sаlаmапdга) Европада, Кіші Азия мен Солтүстік Африканың дымқыл, қараңғы тоғайларында тіршілік етеді. Күндіз ағаш тамырларының, тастың астында және індерде болады. Түнде активті, күндіз тек қана жауынды күндері сыртқа шығады. Тритондарға қарағанда саламандралардың тіршілігі су орталығымен оншама байланысты емес. Дене мөлшері 18—28 сантиметрдей. Көпшілік жағдайда құрлықта ұрықтанады; бұл кезде еркегі мен ұрғашысы жақындасып, бір-біріне клоакаларын беттестіреді. Суда да ұрықтануы мүмкін, онда еркектері сперматофораларын қапшықшаларға салып, су астындағы заттарға іліп кетеді де ұрғашылары жоғарыда айтқандай оны клоакалары арқылы қабылдайды. Әдетте теңбіл сал^мандралар желбезектері бар ли-чинкалар туады. Личинкалардың метаморфозы суда өтеді.
Солтүстік Америкада амбистом (АmЬуstоmа) деген хүрі кеңінен тараған. Дене мөлшері 15—23 см болатын, қоңыр-сұр түо ті, теңбілі бар жануар. Қүйрығы жуан, тері өсіндісі болмайды. Неотения тәсілімен көбейеді. Личинкасын аксолотль деп атайды.
Солтүстік Америкада өкпесіз саламандралар тіршілік етеді. Бұларда өкпе болмайды, терісі және ауыз қуысының сілекей қабаты арқылы тыныс алады. Көпшілігі құрлықта, судан тыс жерде тіршілік етеді. Жұмыртқасын көбінесе кұрлыққа, індерге немесе өсімдік тамырларының астына, ал кейбір түрлері ағаштардың қуысына салады. Ұрғашылары жұмыртқасын көбінесе құрлыққа, індерге немесе өсімдік тамырларының астына, ал кейбір түрлері ағаштардың. қуысына салады. Ұрғашылары жұмыртқаларынан личинка шыққанша тастап кетпей, оның сыртына оралып жатады. Қейбір түрлерінің личинка дәуірі болмайды, жұмыртқаларынан желбезектері жоқ личинкалар шығады.
Амфиумдар тұқымдасына осы кездегі ең ірі амфибилердің бірі болып саналады. Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Аяқтары өте нашар дамыған, іс жүзінде жүруге жарамайды. Қабағы жоқ, өкпелерімен тыныс алумен қатар, ішкі желбезек арқылы да тыныс алады.
Жасырын қанатты тұқымдасына осы кездегі қарапайым құрылысты құйрықты амфибилер жатады. Ұрықтану оларда сыртта болады. Бұған мысалға Жапонияның гигант саламандрасын (МеgаІоЬаtгасһиs jаропі-сиs) алуға болады. Оның ұзындығы 150 сантиметрге жетеді.
Ол Ниппон аралының тау өзендерінде, Орта Қытай өзендерінде кездеседі. Бұл өзеннің су шайған жағалауларын, тастардың астын мекен етеді. Балықтармен, бақалармен, құрттармен қоректенеді. Жұмыртқасын суға, індерге, судың ағыны баяу бөліміне салады. Жапон саламандрасының еті жеуге жарайды, сондықтан да оларды көбірек аулайды.
Амфиумның (Аmрһішmа теапз) денесі 70—100 см болады. Рудименхті аяқтары денесін қозғауға жарамайды. Көпшілік өмірін суда, батпақты жерде, жай ағатын бұлақтарда өткізеді. Жұмыртқаларын су маңындағы дымқыл жерлерге салады. Ұрғашылары жұмыртқаларын денесімен орап алып, бүкіл даму мерзімінің аяғына дейін жатады. Личинкаларының үш ай бойы сақталатын, сыртқы желбезектері болады. Амфиумдар Солтүстік Американың оңтүстік шығыс облысында мекендейді.
Протейлер тұқымдасының (Ргоtеіdае) екі ғана түрі белгілі. Оның біреуі Балқан түбегінің жер асты суларын мекендейді. Протейлердің сыртқы желбезектері өмір бойы сақталады, соған қарағанда неотеникалы формаларының болуы мүмкін. Көздері терілерінің астында жатады. Аяқтары кішкене, жүруге жарамайды. Жер асты суларда тіршілік ететіндерінің түсі ақшыл, ал Солтүстік Америкадағы баяу ағатын суды мекен ететіндерінің түсі сұр немесе қоңыр нүктелері бар қоңыр түсті болады. Денесінің ұзындығы 25—35 см болады. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Сонымен қатар, Балқан протеялары тірі де туады. Тірі туу судың температурасы +15 градустан төмендегенде ғана байқалады.
Сирен тұқымдасының (Sігепіdіае) Солтүстік Америкада кездесетін екі түрі бар. Сирендердің сыртқы желбезегі өмір бойы сақталады және ішкі желбезектердің рудиментті саңылаулары болады. Артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары нашар дамыған. Көздері терімен қапталған. Денелері жалпы алғанда угор тәрізді, 60—70 см болады. Батпақты жерлерде түбірдің астын мекен етеді.
Бұған құрылысы күрделі, сан жағынан соншалықты көп, ке-ңінен тараған құйрықсыз қос мекенділер жатады. Бұл отрядқа Антарктикадан басқа жер бөліктерінің барлығында да кездесе-тін 1700-ге жуық амфибилердің түрлері жатады. Құйрықсыздар, әсіресе Оңтүстік Америкада көп кездеседі. Құйрықсыздардың түрлері көп болмағанмен де барлығына тән белгілері: дене формасы бақа тәрізді құйрықсыз, әрқашанда жақсы дамыған алдыңғы артқы аяқтары болады. Артқы аяғының саусақтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетімен секіріп қозғалады.
Скелетіне тән ерекшеліктері: омыртқалары процельді, нағыз қабырғалары болмайды, маңдай және төбе сүйектері, шынтақ және білек сүйектері, асықты жілікпен оның шыбығы бірігш кеткен. Жоғарыда айтылған қозғалу ерекшеліктеріне баңланысты осы көрсетілген сүйектері ғана емес, сонымен қатар аздап та болса білезік және толарсақ сүйектері де кірігіп кетеді. Дабыл-қуысы дұрыс дамыған. Ересектерінде сыртқы және желбезек саңылаулары болмайды. Сыртқы ортада үрықтанады. Копулятивтік органы болмайды. (
Отрядтың көптеген тұқымдастары бар, оның кейбір тұқым-дасын ғана қарастырамыз. ‘
Дөңгеліктілер тұқымдасы (ОіsсоgІоssіdае) тілі дөңгелек келеді. Бұлар Евразияға және Солтүстік Америкаға тараған. Біздің фаунамызда жерлянха (ВоmЬіmа) деген, ұзындығы 5 см болатын кішкене бақа кездеседі. Арқа жағы қара түсті, ал құрсақ жағы айқын түсті қоңыр және қара дақтары болады. Тері бездерінің секреті күйдіргіш. Ұсақ су қоймаларында, қақтарда тіршілік етеді. СССР-дің Европалық бөлігінің ортаңғы ендігінде Қиыр Шығыстың оңтүстігіне таралған.
Осы тұқымдасқа, батыс Европада тараған, ұзындығы 5 см болатын, солғын сүр түсті кұрбақа — Певитуха (Аіуtез) жатады. Күндіз бөренелердің, ағаштың, тастардың астына тығылып жатып, қорегін түнде аулайды. Көбеюі ерекше қызық, ұрғашысы ұзындығы бір метрге жуық бір-біріне жабысып жатқан жіп шумағы секілді 50 шақты жұмыртқа салады. Уылдырықтарын ұрықтандырған соң, еркегі оларды артқы аяқтарына орап алып, судан шығып, дымқыл, көлеңке жерде болады. 17 — 18 күннен кейін ол қайтадан суға келеді. Осы уақыт ішінде дамыған личинкалар жұмыртқадан шығып басқа бақалардың личинкаларындай суда тіршілік ете бастайды.
Құрбақатұқымдасы (Виfопіdае). Басқа қос мекен-ділермен салыстырранда сумен байланысы аз, тіпті шөлде де кездесетін организмдер. Бұл көптеген түрлерінің күндізгі ыс-тықтан қашып, түн жануарлары болуына байланысты. Сонымен қатар, көбінесе терісінің эпидермисінің жоғарғы қабаты мүйізденіп кеткен. Қейбір құрбақалар судан тыс ортада көбеюге бейімделген. Мысалы, австралия құрбақасы — псевдофрина жұмыртқасын дымқыл топыраққа салады. Оңтүстік Америка құрбақасы циклорамфус және кейбір түрлері жұмыртқасын тастардың арасына немесе топыраққа көміп қояды. Бұлардың жұмыртқасы сары затқа бай болғандықтан итшабақ (головастик) шықпай, бірден толық қалыптасқан бақа шырады.
Құрбақалардың екі түрі де кэдімгі және жасыл құрбақа (Виfо Ьиfо, В. vігіdіs) біздің еліміздің ортаңғы және оңтүстік ендігінде таралған. Жасыл құрбақа Орта Азияның жазық жерлерінде, оазистерде тіршілік етеді. Екеуіде жұмыртқа-ларын суға салады. Моллюскалар мен насекомдарды құртып, пайда келтіреді.
Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Нуlіdае) — ағашты жерлерде иршілік ететін ұсақ бақалар. Саусақтары-ның ұшындағы, кейбір түрлерінің бауыр жағында болатын сор-ғыштарының көмегімен ағаштың діңіне, бұтағына және басқа заттарға жабысып тұрады Көбінесе Австралия мен Оңтүстік Америкада тараған. Бізде кәдімгі бақылдауық бақа және Қиыр Шығыс бақасы (Ниlа агЬогеа, Н. іаропіса) деген түрі, СССР-дің оңтустік Европалық бөлімінде, Қырымда, Кавказда екіншісі — Қиыр Шығыста кездеседі. Орманда тіршілік етеді Әсіресе жапырақты ағаштардың, қамыстың немесе баска биік болып өсетін өсімдіктердің арасында болады. Уылдырықтарын суға шашады. Қөбеюден басқа уақыттарда ағаштарда өрмелеп жүріп уақытын өткізеді. Бұлардың Оңтүстік Америкада мекендейтін бақылдауық қалталы бақа (Nоtоtгеmа) және бақылдауық — филломедуза (Pһуllоmеdиsа) деген түрлері бар.
Нағыз бақалар тұқымдасы (Rапіdае) — Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседі. Көптеген түрлері суда көбейеді, личинкаларының метаморфозы суда өтеді.
Біздің елімізде бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, көлбақа (Rапа гіdіЬипсІd) оған жақын туыс — тоспа бақасы (R. езсиіепtа) Еділ, Жайық, Дон, Днепр өзендерінің сағасында таралған. Тіршілігі сумен тығыз байланысты, ұзап кетпей судың маңында тіршілік етеді. Қейбір жерлерде балық шабақтарын жеп аздап зиян келтіреді.
Сумен жоғарыда аталған бақаларға қарағанда байланысы аз болатын шөп бақасы (R. tеmрогагіа) Европада, Батыс Си-бирьде, Қиыр Шығыста тараған және бізтұмсық бақа (R. tеггеrtгіs), солтүстікте поляр шеңберіне дейін, ал шығыста Амур бассейніне дейін кең тараған. Суда көбею кезінде ғана ұшырайды. Жазда судан қашық жерлерде кездеседі. Насекомдарды жойып, пайда келтіреді.
Кәдімп бақалардың ішінде ағаштарда да тіршілік ететін түр-лері бар, мысалы, яваның ұшқыш. біщасы (Rасорһогиз геіпwагсdtі). Олар көпшілік уақытын ағашта өрмелеп немесе ағаштан-ағашқа секіріп жүріп өткізеді. Саусақтарыньщ арасындағы тері жарғақтары бұлардың жеңіл секіруіне көмектеседі, әрі секір-генде жазылып қанат сияқты жәрдем береді. Саусақтарының арасындағы жарғақтарын жазып жіберіп, 10—15 метрге дейін ұша алады. ,

Читайте также:

1 комментарий

  1. Нурдана:

    Рахмет сиздерге оте катты ризамынн!!!)))))мен озим химия-биология багытындагы Назарбаев Зияткерлик мектебинде окитын едимм!!!сиздердин сайттарыныздан коп кажетти материалдарды тауып аламын!!!!КОП КОП рахмет!!!!оте керемет САЙД))))THE BEST!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *