Қос күрек тісті сүтқоректілер

Қос күрек тісті сүтқоректілер. Бұлардың көпшілігі өсімдік тектес азықтармен қоректенеді.

Күрек тістері ұзынша, жоғарғы жағының әрбір жартысында 1—3, ал төменгісінде 1 күрек тісі болады. Өсімдік тектес азықтармен қоректенуіне байланысты азу тістерінің үстіңгі жағы моқалдау келеді. Артқы аяқтарының екінші және үшінші саусақтары бірігіп кеткен.
Екі күрек тістілер Австралияда және оған жақын жатқан аралдарда тараған. Олардың ішінде ағаштарды мекен-дейтіндері: қалталы тиіндер (Реtаигиs), қалталы қарақас (Dгоmісіа), қалталы аюлар (Рһаsсоtагсіdае). Қалталы көртышқандар жер астында індерде тіршілік етеді. Бұлар сыртқы түріне қарағанда суырларға ұқсайды. Екі күрек тістілерге кенгурулар да (Масгороdіdае) жатады. Олардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары өте ұзын, мықты келеді және құйрығы жақсы жетілген. Бұлардың кейбір түрлері ашық далалы жерді мекендейді. Біраз ғана түрі таулы жерлерді мекендейді. Кейбір түрлері орманда кездеседі. Олар тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізеді. Кенгурулардың терісі жұмсақ, жылы келеді. Оларды терісі үшін аулайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *