Қосмекенділердің қорғану бейімділіктері

Қосмекенділер. Қорғану бейімділіктері Қос мекенділердің көпшілігі дерліктей жауларынан активті түрде қорғана алмайды. Бұлардың жаулары көп. Қорғану бейімделушіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы — секреті ұлы болатын тері бездері болып есептеледі.

Ол сілекейлі қабатқа түскенде оны ашытады, кейде улатады. Бақа мен жерлянканы бір банкаға орңаластырғанда бірнеше сағаттан соң, жерлянканың тері бездерінен бөлінген секретімен уланып, бақаның өліп қалғаны байқалған. Бұл секретті қан тамырына жіберсе одан да күшгі әсер етеді. Мысалы итке жерлянка секретінің елеулі дозасын жібергенде, ол сағатқа жетпей өліп қалған. Әсіресе улы бездер құрбақада, жерлянкада, чесночницада және саламандрада күшті дамыған.
Жауларынан қорғануда қорғаныш реңінің де маңызы зор. Саламандралар мен жерлянкалардың кейбір түрлерінің жаулары сақтандыратындай түсі ашық болады. Сұр және жасыл баканың түсін өзін қоршаған ортасынан ажырату қиын. Кейбір түрлері, мысалы, бақылдауық бақалар тіршілік еткен ортасының жағдайына сәйкес өзінің түсін өзгертеді. Ағаштың жапырағында ашық жасыл түсті, діңінде сұр түсті болады.
Бақалардың актив қорғанатын азғана түрі белгілі. Мысалы, біздегі мүйізді жасыл бақалар қуып келе жатқан жауларын тістемек болып, айбат шегіп, ұмтылады.
Амфибилердің регенерацияға соншалықты қабілетті екенін мына құбылыстан байқауға болады. Мысалы, саламандраның құйрығынан ұстап қалса, ол оны үзіп кетеді. Кейін осы кұйрығы қалпына келеді. Денесінің басқа бөліктері — аяқтары қалпына келетіні анықталған. Бұл қабілет личинкаларында айқын байқалады. Бұл ересек қос мекенділердің құйрықтарында сақталған, керісінше құйрықсыздарында мұндай қабілет болмайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *